Panasonic ER206 Operating Instructions Manual page 15

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Маңызды
Зарядтау кезіндегі сақтық шаралары
ER206 Сақал/Шаш қырқатын құралды тек RE9‑18
адаптерімен пайдаланыңыз.
Құралды 5 °C және 35 °C аралығында тікелей күн сәулесі
немесе басқа жылу көздерінен қорғалатын жерде
зарядтаңыз.
Үздіксіз зарядтау 48 сағаттан аспау керек, әйтпесе, батареяға
зақым келуі мүмкін.
Құрал жұмыс істеп тұрғанда немесе зарядтау барысында
қызып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты құбылыс.
Қуат сымы ауыстырылмайды. Сым зақымдалған жағдайда
құралды қолдануға болмайды.
Пайдалану және сақтау кезіндегі сақтық шаралары
Ескерту: Құрал құрғақ болуы қажет.
Құралды суға батыруға болмайды.
Құралды су толтырылған бассейнде немесе оның қасында
пайдалануға болмайды.
Құралды су қолмен ұстауға болмайды.
Қырқу биіктігін өзгертуден немесе тарақ саптамасын алып
тастаудан бұрын құралды өшіріңіз.
Физикалық мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі және білімі
мен тәжірибесі аз адамдар (балаларды қоса) бұл құралды
олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адамның
қадағалауымен немесе құралды қалай пайдалану жөніндегі
нұсқау берілген жағдайда қолдануға болады.
Балалардың құралмен ойнауына жол бермеңіз.
Жылжымалы бөліктеріне зақым келтірмеңіз.
Құралды сымынан тартып көтермеңіз. Ол ажырап кетуі
мүмкін, нәтижесінде зақымдануы немесе сізді жарақаттауы
мүмкін.
Құралды жануарлардың жүнін қырқу үшін пайдалануға
болмайды.
Құралды бөлшектеуге болмайды. Қызмет көрсету немесе
жөндеу қажет болғанда білікті маманға апарыңыз.
Құралды тікелей күннен немесе қыздырушы не басқа да
жылу көздерінен қорғалмаған жерде сақтамаңыз.
Тазалау кезіндегі сақтық шаралары
Ағын сумен немесе сабынды ағын сумен шамалы
дымқылданған жұмсақ матаны қолданып қана тазалаңыз.
Бензин немесе ағартқыш сияқты басқа каустикалық
тазартқыш құралдарын пайдаланбаңыз.
Техникалық сипаттамасы
Қуат көзі: Атау жазылған тақтаны қараңыз.
Мотор кернеуі: 1,2 В тұрақты ток
Аккумуляторды зарядтау уақыты: 8 сағат
Осы құрылғы тұрмыстық мақсаттарға қолданылады.
Құрылғы бөлшектері
A Құрылғы корпусы
1 Сөндіру/Қосу
2 Қырқу биіктігін реттегіш
3 Зарядтау индикаторы
B Алмас блогы
4 Тазалау ілмегі
5 Жылжымалы алмас
6 Жылжымайтын алмас
C Тарақ‑саптама
D Ауыспалы ток адаптері
(RE9‑18)
7 Желі сымы
8 Аспапқа қосу ашасы
E Май
F Тазалағыш қылсүрткі
15

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents