Маңызды Қауіпсіздік Ақпараты - Қосымша Пайдалану Құжаттамасын - Philips SONICARE AirFloss Ultra User Manual

Hide thumbs Also See for SONICARE AirFloss Ultra:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips
компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық
пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome торабында
тіркеңіз.
AirFloss құралын күнделікті ауыз қуысын күтудің бір бөлігі ретінде
таңдаулы ауыз шаю құралымен бірге пайдаланыңыз. Тазалаумен
қатар, AirFloss қызыл иек денсаулығын жақсарту үшін тістер
арасындағы тамақ қалдықтарын азайтуға көмектеседі.
Маңызды қауіпсіздік ақпараты - Қосымша
пайдалану құжаттамасын
Құралды қолданбастан бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып
шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
- Зарядтағышты судан алшақ ұстаңыз. Оны суға толы ваннаның
немесе раковинаның жанында, немесе үстінде сақтауға, немесе
қойып қоюға болмайды. Зарядтағышты суға немесе басқа
сұйықтыққа батыруға болмайды. Тазалаудан кейін желіге қоспай
тұрып зарядтағыштың толығымен құрғақ екенін тексеріңіз.
Абайлаңыз
- Ток сымын ауыстыруға болмайды. Егер ток сымы зақымдалса,
зарядтағышты тастаңыз.
- Қауіпті болдырмау үшін әрқашан зарядтағышты бастапқы түріне
жататынымен ауыстырыңыз.
- Батареяны зарядтау үшін тек AirFloss Ultra құралымен бірге
қамтамасыз етілген HX6100 зарядтағыш түрін пайдаланыңыз.
- Құрал қандай да бір жолмен зақымдалса (AirFloss Ultra саптамасы,
тұтқасы және/немесе зарядтағыш), оны пайдалануды тоқтатыңыз.
- Бұл құралда жөнделетін бөлшектер жоқ. Құрал зақымдалған болса,
еліңіздегі тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз
(«Кепілдік және қолдау» тарауын қараңыз).
- Зарядтағышты далада немесе қызған беттердің жанында
пайдаланбаңыз.
Қазақша
25
Қазақша

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents