Philips HD9020 User Manual page 62

Hide thumbs Also See for HD9020:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚазаҚша
62
-
Дисплейде «OFF» (Өшірілді) хабары көрсетіліп, 1 ұзақ сигнал естілгенше осы түймені 2
секунд басып тұрыңыз. Ағымдағы бағдарламадан бас тартылып, құрылғы әдепкі параметрге
(мысалы 1-бағдарлама — Кәдімгі ақ нан, 750 гр, орташа қызартылған)
қайтады. Бұл жағдайда құрылғы өшпейді.
Бағдарламалар
Бағдарлама таңдағышы көмегімен 12 түрлі бағдарламаның біреуін таңдауға болады. Дисплейге
таңдалған бағдарламаның нөмірі және осы бағдарлама үшін оңтайлы жұмыс уақыты
көрсетіледі.
Қызарту түрі
Қызарту түрінің таңдағышы арқылы қызарту түрін (біраз қызартылған, орташа қызартылған
немесе қатты қызартылған) таңдауға болады. Таңдалған қызарту түрі дисплейде көрсетіледі.
нан салмағы
Салмақ таңдағышының көмегімен, үш салмақтың (500 гр, 750 гр немесе 1000 гр) біреуін
таңдауға болады. Бөлкенің салмағы дисплейде көрсетіледі.
Құрылғыны қолдану
Құрылғы мен қоспаларды дайындау
1
Құралды тегіс, тұрақты және көлбеу жерге қойыңыз.
2
Нан табасын сағат тіліне қарсы бұрап, құрылғыдан шығарыңыз. (Cурет 2)
Ескертпе: Нан табасына қоспа салғанда құрылғының ішіне төгіліп кетпеуі үшін, табаны
құрылғыдан алдымен шығару қажет.
3
Илеу қалағындағы саңылаудың және нан табасының іші таза екенін тексеріңіз.
Ескертпе: Бұл бөлшектер таза болмаса, илеу қалағын дұрыс орнатылмауы мүмкін.
4
Илеу қалағындағы саңылаудың тегіс жағын нан табасының ішіндегі оқпанның тегіс
жағына келтіріңіз. Содан кейін илеу қалағын қатты басып, оқпанға бекітіңіз (Cурет 3).
Ескертпе: Илеу қалағы орнына дұрыс орнатылуы тиіс. Әйтпесе, қолдану кезінде орнынан шығып
кетуі мүмкін. Бұл араластыру немесе илеу үрдісіне кері әсерін тигізеді.
Ескертпе: Илеу қалағы оқпанға дұрыс орнатылғанда, оқпанда көлбеу бос орын қалады. Бұл
қалыпты жағдай.
5
Жасалатын рецепттердің қоспаларын өлшеңіз (Пісіру туралы қосымша ақпарат
кітапшасының «Нан пісірудің стандартты рецепттері» тармағын қараңыз).
Ескертпе: Қоспаларды мұқият өлшеу қажет. Пісіру туралы қосымша ақпарат кітапшасының
«Қоспалар» тарауындағы «Қоспаларды өлшеу» бөлімін қараңыз.
6
Нан табасына қоспаларды рецепттегі тізімге сай салу қажет.
-
Ашытқыны ең соңынан қосу керек. Үйілген ұнның ортасына тесік жасап, ашытқыны соған
құйыңыз.
Ашытқыны басқа сұйық қоспалармен араластыруға болмайды. Нан, әсіресе таймерді
қолданғанда, көтерілмеуі мүмкін.
-
Нан пісіріліп жатқанда қоспа қосу керек болса, құрылғы 30 минуттан кейін үш рет қысқа
және созыңқы дыбыс береді де, дисплейде «ADD» (Қосу) хабары көрінеді. Егер қоспа
қосылмаса, құрылғы пісіруді жалғастырады.
7
Нан табасын құрылғы ішіне орнатыңыз. Құрылғыға бекітілгенше нан табасын сағат
тілімен бұраңыз (Cурет 4).

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents