Philips Avent SCF291 Manual page 142

Hide thumbs Also See for Avent SCF291:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қазақша
142
7
Себеттен бөтелкелер мен басқа да заттарды алып тастаңыз. Кішкентай заттарды алып
тастау үшін қыстырғыштарды пайдаланыңыз.
Абай болыңыз. Стерильденген заттар әлі де ыстық болуы мүмкін.
Ескертпе: стерильденген заттарды ұстау үшін, алдымен қолдарыңызды жақсылап
жуыңыз.
8
Құралды ток көзінен ажыратып, суығанша күте тұрыңыз.
9
Кішкене себетті және үлкен себетті алып тастаңыз.
Ескертпе: үлкен себетті алғанда, негіздің түпқоймасында судың қалатынын ескеріңіз.
Ескертпе: түпқойма негіздің су резервуарына бармауының алдын алу үшін заттардан
қалған сүтті немесе тағамды ұстап алуға арналған. Бұл стерильдеу өнімділігін
оңтайландыруға және қыздыру элементін оңай тазалауға арналған.
10
Төменгі тақтаны үлкен себеттен алып тастаңыз. Үлкен себеттің түпқоймасынан қалған
суды төгіп тастаңыз және оны тазалаңыз («Тазалау» бөлімін қараңыз).
11
Ыдыста қалған суды су резервуарынан төгіп кептіріңіз.
Ескертпе: құрал стерильдеу циклінен кейін 10 минут бойы жұмыс істемейді. Оны
алдымен суытып алу қажет.
Автоматты – стерильдеу + құрғату (SCF293)
1
Суды тікелей негіздің су резервуарына құйыңыз («Алғаш пайдаланар алдында» бөлімін
қараңыз).
2
Стерилизаторды жинаңыз («Стерилизаторды жинау» бөлімін қараңыз) және стерильдеу
қажет заттарды соның ішіне салыңыз.
Ескертпе: барлық заттардың толықтай бөлшектенгенін және тиімді түрде құрғату
үшін саңылаулары бар жерін төмен қаратып орналастырғаныңызға көз жеткізіңіз.
Абай болыңыз. Құрғату басталғанда стерилизатордан ыстық бу шығады.
3
Қақпақпен кішкене немесе үлкен себеттің аузын жабыңыз.
4
Штепсельдік ұшты қабырға розеткасына қосыңыз.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Avent scf293Avent scf291/00Avent scf293/00

Table of Contents