Bosch Professional GKF 600 Original Instructions Manual page 124

Hide thumbs Also See for Professional GKF 600:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 13
124 | Қазақ
электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
етеді.
Шеттік фрезалар үшін қауіпсіздік нұсқаулары
Электр құралын тек оқшауланған беттерінен
u
ұстаңыз, себебі кескіш өз сымына тиіп қалуы
мүмкін. Қосулы сымды кесіп алу нәтижесінде электр
құралының ашық металл бөліктері іске қосылып,
пайдаланушыны ток соғуы мүмкін.
Дайындаманы тұрақты ретте ұстау үшін бекіту
u
және тіреу үшін қамыт немесе басқа жолын
пайдаланыңыз. Дайындаманы қолмен немесе денеге
тіреп ұстау оны тұрақты емес қылып бақылау
жоғалуына алып келуі мүмкін.
Фрезаның рұқсат етілген айналу жиілігі кем
u
дегенде электр құралында белгіленген
максималды айналу жиілігіне сәйкес келуі тиіс.
Рұқсат етілген шамадан жылдам айналатын фреза
жарылуы және ұшып кетуі мүмкін.
Фрезалар немесе басқа жабдықтар электр
u
құралыңыздың аспап патронына (қысқыш) сәйкес
болуы керек. Электр құралының аспап патронына
дұрыс тұрмауынан алмалы-салмалы аспабқа соғылып
айналады, қатты дірілдейді және бақылауды жоғалтуға
әкелуі мүмкін.
Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде
u
апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп
кері соғу қаупі пайда болады.
Метал заттар, шеге немесе бұрандалар үстінен
u
фрезаны жүргізбеңіз. Фрезалар зақымдалып қатты
дірілдеуге алып келуі мүмкін.
Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып
u
жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты
жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр
сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
Өтпес немесе зақымдалған фрезаларды
u
пайдаланбаңыз. Өтпес немесе зақымдалған
фрезалар жоғары үйкеліс, қысылып қалу және
теңгерімсіздікке алып келуі мүмкін.
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
u
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
1 609 92A 57W | (01.04.2021)
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы берік тірелген күйде ағаш, пластмасса мен
жеңіл құрылыс материалдарында ойық, қырлар,
профильдерді және кесіктерді фрезерлеуге және копир
бойынша фрезерлеуге арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1) Жетек блогы
(2) Фреза қорабы
(3) Фрезерлеу тереңдігін дәлдеп реттеуге арналған
айналмалы реттегіш
a)
(4) Фреза
(5) Цангалы қысқыштың салмалы гайкасы
(6) Сырғу тақтасы
(7) Тірек тақтасы
(8) Фрезерлеу тереңдігін реттеу шкаласы
(9) Шпиндельді бұғаттау түймесі
(10) Қысқыш иінтірек
(11) Ажыратқыш
(12) Тұтқа (беті оқшауланған)
(13) Цангалы қысқыш
(14) Құрал бекіткіші
(15) Айыр тәрізді кілт (17 мм)
(16) Тіреуішті бекітуге арналған домалатпа басты
бұранда
(17) Параллель тірек
(18) Параллель тірекке арналған құлақты бұранда
(19) Бағыттау көмекші құралы
(20) Көлденеңінен туралауды бекітуге арналған
қатпарлы бұранда
(21) Бағыттауыш көмекші құралды көлденеңінен
туралауға арналған қатпарлы бұранда
(22) Бағыттауыш ролик
(23) Фреза қорабының қаптамасы
(24) Бұрыштық фреза қорабы
(25) Бұрышты реттеуге арналған қатпарлы бұранда
(26) Фрезерлеу бұрышын реттеу шкаласы
(27) Сырғу тақтасының тұтқасы
a)
(28) Сорғыш қап
a)
(29) Сору адаптері
(30) Тұтқасы және сору адаптері бар сырғу тақтасы
(31) Керіліс күшін реттегіш гайка
a) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды
біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
a)
a)
a)
a)
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents