Panasonic EW-DC12 Operating Instructions Manual page 67

(household use) sonic vibration toothbrush
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ЕСКЕРТУ
Зарядтағышты (негізгі блоктың
бағыттауышын қоспағанда) суға салуға
немесе суға жууға болмайды.
Зарядтағышты су құйылған шұңғылшаның
немесе ваннаның үстіне не жанына қоюға
болмайды.
Зарядтағыш бүлінген болса немесе электр
розеткасына сұғылатын бөлшегі босаған
болса, оны пайдалануға болмайды.
Сымды бүлдіруге, өзгертуге немесе күшпен
бүгуге, тартуға немесе бұрауға болмайды.
Сондай-ақ, сымға ауыр зат қоюға немесе
оны қысып тастауға болмайды.
- Әйтпесе, қысқа тұйықталу себебінен ток
соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Розетка немесе сымдардың номиналды
қуатынан асатын түрде қолданбаңыз.
- Бір розеткаға тым көп айыр қосу арқылы
номиналды қуаттан асып кетсеңіз, қызып кету
себебінен өрт шығуы мүмкін.
Жинаққа кіретін зарядтағыштан басқа
ешнәрсені кез келген мақсатта пайдалануға
болмайды. Сондай-ақ, осы зарядтағышпен
бірге басқа ешқандай бұйымды
пайдалануға болмайды. (72-бетті қараңыз.)
- Әйтпесе, қысқа тұйықталуға байланысты
күйіп қалуыңыз немесе өрт шығуы мүмкін.
Құрылғының әрқашан да зарядтағышта
көрсетілген атаулы кернеуге сәйкес келетін
электр желісінен жұмыс істеуін қамтамасыз
етіңіз.
Қуат айырын толық сұғыңыз.
- Әйтпесе, өрт шығуы немесе тоқ соғуы мүмкін.
Қуат сымын ауыстыру мүмкін емес. Егер
сым бүлінген болса, зарядтағышты
утилизациялау керек.
- Әйтпесе, өрт шығуы немесе тоқ соғуы мүмкін.
Зарядтағышты тазалаған кезде қуат
айырын әрқашан да розеткадан суыру
керек.
- Әйтпесе, ток соғуы немесе жарақат алуыңыз
мүмкін.
Қуат айырына шаң жиналмауы үшін үнемі
тазалап тұрыңыз.
- Әйтпесе, ылғалдылыққа байланысты
оқшаулау жоғалуы себебінен өрт шығуы
мүмкін.
67

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents