Philips Lumea SC1997 Manual page 62

Hide thumbs Also See for Lumea SC1997:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

4 Құрылғыны теріге 90° бұрыш жасап орналастырып, қатты бассаңыз,
сонда саптама мен біріктірілген қауіпсіздік жүйесі теріге тиіп тұрады.
Біріктірілген қауіпсіздік жүйесі тері байланысынсыз кездейсоқ жанудан
қорғайды.
5 Дұрыс тері байланысын қамтамасыз ету үшін теріге құрылғыны дұрыстап
басыңыз. Одан кейін құрылғы тері реңкі талдауын автоматты түрде
орындайды және «жарқылға дайын» шамы өңдеуді жалғастыруға
болатындығын көрсету үшін ақ түсті жанады.
Ескертпе: «Жарқылға дайын» шамы сарғыш түсте жанса, тері өңдеуге
келмейді. Осы жағдайда құрылғы автоматты түрде өшіріледі. Ашық
тері реңкінен тұратын басқа аймақтарда құрылғыны пайдалануға
болады.
6 Жарқылды шығару үшін жарқыл түймесін басыңыз. Жыпылықтауға
байланысты жылу сезілуі керек.
Ескерту: Құрылғыдан шыққан жарық көзге зиян. Пайдалану алдында
көзілдіріктер киюдің керегі жоқ. Жарық көзге аз түсуі үшін құрылғыны
жақсы жарықтандырылған бөлмеде пайдаланыңыз.
7 Құрылғыны келесі өңделетін аймаққа салыңыз. Әр жарқылдан
кейін құрылғы қайта жарқылдағанға дейін 3,5 секунд уақыт өтуі мүмкін.
«Жарқылға дайын» шамы қайта жанған кезде жарқылды босатуға
болады.
8 Барлық аймақтар өңделгенін тексеру үшін шамды бір-біріне жақын
босатыңыз. Тиімді жарық тек жарық шығару терезесінен шығады, сол
себепті кейбір қабаттасу орын алуы керек. Дегенмен, жарқыл бір аймаққа
тек бір рет пайдаланылғанын тексеріңіз. Бір аймаққа екі рет жарық түсіру
түк алу тиімділігін арттырмайды, бірақ тері реакциясының қаупін
арттырады.
КЕҢЕС: Егер бикини тұсында Lumea пайдаланылса және кейбір түк
бөлігін қалдырса, тері реңкі датчигі өңдеу барысында қалған түкте
қалмайды, себебі бұл құрылғының құлыпталуына себеп болады..
9 Өңдеуді аяқтаған кезде құрылғыны өшіру үшін қосу/өшіру түймесін 2
секунд бойы басып тұрыңыз.
Екі өңдеу режимі: Штамп және жарқыл және Сырғыту
және жарқыл
Philips Lumea құрылғысында әр түрлі дене аймақтарында пайдалануға
болатын екі өңдеу режимі бар:
-
Штамп және жарқыл режимі тізелер немесе қолтықтар сияқты кішкентай
немесе қисық аймақтарды өңдеуге арналған. Бір жарқыл шығару
үшін жарқыл түймесін басып босатыңыз.
-
Жылжыту және жарқыл режим аяқтар сияқты үлкен аймақтарда ыңғайлы
қолданысты ұсынады. Бірнеше жарқылды қатарынан шығару үшін теріге
құрылғыны жылжыту кезінде жарқыл түймесін басып ұстаңыз.
63
аза ша

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Lumea sc1999Lumea sc1997/00

Table of Contents