Siemens MQ964 Series Instruction Manual page 34

Hide thumbs Also See for MQ964 Series:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 9
kk
Мақсаты бойынша пайдалану
Мақсаты бойынша пайдалану
Бұл керек-жарақ MQ964.. қол жетегі бар миксеріне арналған.
Қол жетегі бар миксердің пайдалану бойынша нұсқаулығына
назар аудараңыз.
Қол жетегі бар миксерді тек құралдың тоқтап тұрған күйінде
енгізуге және шығаруға болады.
Керек-жарақ тек қана осы нұсқаулықта сипатталған қолдану
жолдары үшін жарамды.
Қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
W Өткір пышақтан жарақат алу қаупі бар!
Әмбебап ұсатқыштағы пышақты ешқашан ұстамаңыз. Әмбебап
ұсатқыштың пышағын тек пластик тұтқасынан ұстауға болады.
Әмбебап ұсатқыштың пышағын жалаңаш қолмен ұстамаңыз.
Тазалау үшін қылшақты қолданыңыз. Әмбебап ұсатқышты тек
толығымен құрастырылған күйде қолданыңыз!
W Маңызды!
Еш жағдайда ұсатқыш сауытындағы батырмалы жылдам
араластырғышпен жұмыс істемеңіз. Әмбебап ұсатқыш
микротолқынды пеште қолдану үшін жарамды емес. Әмбебап
ұсатқыштың саптамасын құрылғы тоқтап тұрғанда ғана орнатуға
және алып тастауға болады. Әмбебап ұсатқыштың саптамасын
ешқашан сұйықтықтарға батырмаңыз және ағынды су астында
немесе ыдыс-аяқ жуу машинасында тазаламаңыз.
W Денсаулыққа зиян келтіру қаупі бар!
Үстіңгі беттердің ластануы денсаулыққа зиян келтіруі
мүмкін. Тазалау бойынша нұсқауларға назар аударыңыз. Ас
өнімдерімен жанасатын беттерді әр пайдалану алдында тазалау
керек.
34

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Mq965 series

Table of Contents