Bosch Professional GBM 50-2 Original Instructions Manual page 205

Hide thumbs Also See for Professional GBM 50-2:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 20
Белгілер мен олардың мағынасы
Қорғаныш көзілдірікті
киіңіз.
Құлақ қорғанысын
тағыңыз. Шуыл әсерінен
есту қабілетіңіз
зақымдануы мүмкін.
ЕСКЕРТУ! Сақтандырғыш
таспаны пайдаланбас
бұрын, оның ақаусыз
жұмыс істегеніне көз
жеткізіңіз. Ешқашан
зақымдалған
сақтандырғыш таспаны
пайдаланбаңыз. Оны дереу
алмастырыңыз.
ЕСКЕРТУ! Құрылғыны
жаңбыр жауған кезде
пайдалануға тыйым
салынады.
ЕСКЕРТУ! Артық жүктеме
индикаторының жолағы
осы белгінің жанында
жанып тұрса, бұл жұмыс
кезіндегі жүктеменің тым
жоғары екендігін білдіреді.
Жұмыс кезіндегі жүктемені
азайтыңыз немесе
қозғалтқышты өшіріңіз,
әйтпесе артқы жүктемеден
қорғаныс іске қосылып,
қозғалтқыш автоматты
түрде өшіп қалады.
Артық жүктеме
индикаторының жолағы
осы белгінің жанында
жанып тұрса, бұл жұмыс
кезіндегі жүктеменің
оңтайлы диапазонда
екендігін және артық
жүктеменің түспегендігін
білдіреді.
ЕСКЕРТУ! Алмалы-салмалы
аспапты және керек-
жарақтарды алмастыру
кезінде қолыңызды
олардың астында
ұстамаңыз.
ЕСКЕРТУ! Бұрғылау
алдында магнит күшінің
жеткілікті екендігіне көз
жеткізіңіз. Дайындама беті
Bosch Power Tools
Белгілер мен олардың мағынасы
тегіс, таза және жеткілікті
қалың болуы тиіс.
ЕСКЕРТУ! Электр құралы
тік жазықтықта, бас үстінен
және қиғаш жерлерде
бұрғылау кезінде
сақтандырғыш таспамен
бекітілуі тиіс.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Мақсаты бойынша қолдану
Электр құралы магниттік материалдарды (мысалы,
болатты) бұрғылауға арналған.
Электр құралын көлденеңінен және тігінен, сонымен
қатар бас үстінен пайдалануға болады. Дайындаманың
қысу жазықтығы тегіс болғанына, кем дегенде электр
құралының негізгі жазықтығына сәйкес келгеніне және
кем дегенде 20 мм қатты, магнитпен ұстауға болатын
және таза материалдан тұрғанына көз жеткізіңіз.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1)
Көмір қылшақтардың қаптамасы
(2)
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған
айналмалы реттегіш
(3)
Тұтқа (беті оқшауланған)
(4)
Қол қос иіні (3 дана)
(5)
Қос иін төлкесі
(6)
Артық жүктеме индикаторы
(7)
Лазер ажыратқышы
(8)
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш
(9)
Қозғалтқыш ажыратқышы
(10)
Магниттік тірек тақтасы
(11)
Сақтандырғыш таспа бекіткіші
(12)
Құрал бекіткіші
(13)
MK2 шығару сынасының саңылауы
(14)
Көмір қылшақтарды алмастыру индикаторы
(15)
Автоматты сақтандырғыш ажыратқышы
(16)
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы
индикатор
Қазақ | 205
1 609 92A 7Y6 | (31.05.2022)

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

0 601 1b4 020

Table of Contents