Download Print this page

Philips SCF356 User Manual page 84

Avent
Hide thumbs Also See for SCF356:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚАЗАҚША
86
Нәресте тағамын жылыту үшін бөтелке жылытқышты
пайдалану
1
Штепсельдік ұшты қабырғадағы розеткаға қосыңыз (Cурет 3).
2
Нәресте тағамы ыдысын немесе құтысын бөтелке
жылытқыштың ортасына қойыңыз (Cурет 15).
Ескертпе. Жылыту барысында нәресте тағамын араластыру үшін
тағам ыдысының немесе құтының қақпағын ашық қалдыруға болады.
3
Бөтелке жылытқышқа жылытылатын нәресте тағамының
мөлшеріне тең ауыз су мөлшерін құйыңыз (мысалы, 125 мл сүтті
жылыту үшін 125 мл ауыз суын пайдалану қажет). Нәресте тағамын
көбірек мөлшерде жылыту керек болса, судың ең жоғарғы деңгейі
бөтелке жылытқыштың шеңберіне шамамен 1 см жетпейді
(бұл 160 мл ауыз суын қосқанға тең келеді). Нақты су деңгейі
жылытудың дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді. (Cурет 16)
4
Нәресте тағамын жылыту параметрін таңдаңыз (Cурет 17).
5
Құрылғыны қосу үшін «on/off» (қосу/өшіру) түймесін басыңыз.
Орындалу барысының индикаторындағы жанған жарық
бөтелке жылытқыштың қосылғанын білдіреді (Cурет 18).
Ескертпе. Нәресте бөтелкесін жылытқыш түйме басылғаннан кейін
дереу жылытуды бастайды. Нәресте тағамдары
консистенцияларының әртүрлілігіне байланысты, құрылғы нәресте
тағамын жылыту уақытын нақты анықтай алмайды.
6
Жылыту барысын көрсету үшін орындалу барысының
индикаторының ақ түсі біртіндеп жана бастайды. Жылыту
барысында ыдысты немесе құтыны бөтелке жылытқыштан
шығармаңыз, бірақ бөтелке жылытқыш ыдысты немесе құтыны
жылыту барысында ішіндегі нәресте тағамын
араластырыңыз (Cурет 19).
Ескертпе. Орындалу барысының индикаторының екінші сегменті
үздіксіз жанған кезде нәресте тағамын араластыруды бастауға
болады. Нәресте тағамы температурасының төмен болуына
байланысты бұл кезге дейін араластыру тиімсіз болады.

Hide quick links:

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

Avent scf356