Download Print this page

Philips SCF356 User Manual page 86

Avent
Hide thumbs Also See for SCF356:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚАЗАҚША
88
3
Құрылғыны ажыратыңыз және бөтелке жылытқышты
босатыңыз (Cурет 13).
Нәресте тағамын жылы күйінде сақтау
1
Нәресте тағамы қажет температураға жеткенде нәресте
бөтелкесін жылытқыш жылуды сақтау режиміне автоматты
түрде ауысады. Осы режимде нәресте тағамы қажет
температурада 20 минутқа дейін сақталады (Cурет 22).
2
20 минуттан кейін нәресте бөтелкесін жылытқыш автоматты
түрде өшеді. Нәресте тағамының енді қажет температурада
сақталмайтынын көрсету үшін орындалу барысының
индикаторы өшеді (Cурет 20).
Ескертпе. Нәрестені орнатылған температурадағы нәресте
тағамымен тамақтандыру үшін нәресте бөтелкесін жылытқыш
өшкеннен кейін нәресте тағамын бөтелке жылытқыштан шығарып,
нәрестені тамақтандырыңыз. Әйтпесе нәресте тағамының жылуы
кете бастайды.
Ескертпе. Нәресте бөтелкесін жылытқыштың жылы ұстау режимін
20 минуттан артық ұзарту мүмкін емес.
3
Әрқашан нәрестені тамақтандыру алдында нәресте тағамының
температурасын тексеріңіз. Нәресте тағамы ыдысында немесе
құтыда нәресте тағамын ақырын араластырыңыз да, тым ыстық
емес екеніне көз жеткізу үшін нәресте тағамын ішіп көріңіз
(Cурет 21).
4
Құрылғыны ажыратыңыз және бөтелке жылытқышты
босатыңыз (Cурет 13).
Нәресте бөтелкесін жылытқышты басқа нәресте
тағамының ыдысы үшін бірден қайта пайдалану
Тағы бір нәресте тағамы бар ыдысты немесе құтыны бірден
жылыту керек болса, нәресте бөтелкесін жылытқышты бірнеше
минутқа суытыңыз. Бұл процесті тездету үшін нәресте бөтелкесін
жылытқышты таза, салқын сумен толтырыңыз. Нәресте бөтелкесін
жылытқышты қоссаңыз, орындалу барысының индикаторы
төменнен жоғарыға қарай жыпылықтай бастап, құрылғы қайтадан
жылып жатқанын көрсетеді.

Hide quick links:

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

Avent scf356