Download Print this page

Philips HD4684 User Manual page 3

Elelctric kettle
Hide thumbs Also See for HD4684:

Advertisement

ҚАЗАҚША
Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына
қош келдіңіз!
Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін, өнімді
www.philips.com/welcome торабында тіркеңіз.
Маңызды
Құрылғыны қолданбастан бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып
шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Ескерту
-
Коннекторға сұйықтық төгілуін болдырмаңыз
-
Жарақаттан аман болу үшін, бұл шәйнекті өзінің арнаулы мақсатынан
тыс қолданбаңыз
-
Штепсельдік ұшы, қуат сымы, табаны немесе шайнектің өзі
зақымданған болса, құрылғыны қолданбаңыз. Қуат сымы
зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек Philips
компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында немесе білікті
мамандар ауыстыруы керек.
-
Бақылау астында болса немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалану
туралы нұсқаулар алған болса және байланысты қауіптерді түсінсе,
бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балалар және дене,
сезу немесе ақыл-ой қабілеттері кем немесе тәжірибесі мен
білімі жоқ адамдар пайдалана алады. 8 жасқа толмаған балалар
ересектің қадағалауынсыз тазалау және техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын жүргізбеуі тиіс. Құрылғы мен оның сымын 8 жасқа
толмаған балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
-
Балалар құралмен ойнамауы керек.
-
Шайнекті, қуат сымын және табанды ыстық беттерден аулақ ұстаңыз.
-
Құралды қоршалған бетке (мысалы, ыдыс науасына) қоймаңыз. Су
шайнектің астына жиналып, қауіпті жағдай туғызуы мүмкін.
-
Құралды тазалар алдында, оны тоқтан суырып, суытыңыз. Шайнекті
немесе оның негізін суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға
болмайды. Құралды тек дымқыл шүберекпен және жұмсақ тазартқыш
затпен тазалаңыз.
Абайлаңыз
-
Құралды тек жерге тұйықталған қабырға розеткасына ғана қосуға
болады.
-
Шайнекті тек өзінің түпнұсқа табанымен қолданыңыз.
-
Шәйнек тек суды ысытуға және қайнатуға арналған.
-
Шәйнекті ешқашан ең жоғары деңгей көрсеткішінен асырып
толтырмаңыз. Шәйнек шамадан артық толтырылса, шүмектен
қайнаған су атқылап, күйіп қалуыңыз мүмкін.
-
Сақ болыңыз: шәйнектің сырт жағы мен оның ішіндегі су ыстық
болады. Шәйнекті тек тұтқасынан ғана ұстаңыз. Сондай-ақ,
шәйнектен шығатын ыстық будан сақ болыңыз.
-
Бұл құрал үй тұрмысында немесе соған ұқсас басқа да орындарда
қолдануға арналған: фермалардағы үйлер; жатын орын мен таңғы ас
беретін орындар; дүкендердегі, кеңселердегі және басқа да жұмыс
орталарындағы ас үйлер; қонақ үйлер, мотельдер және басқа да
тұрғын орындары (тұтынушылар тарапынан).
Сусыз қайнатудан қорғау функциясы
Бұл шәйнек қайнап суалудан қорғау жүйесімен жабдықталған: ол ішінде
су жоқ немесе жеткіліксіз күйде кездейсоқ қоссаңыз, автоматты түрде
өшеді. Шәйнекті 10 минут бойы суытыңыз, содан кейін шәйнекті түптен
көтеріңіз. Содан кейін, шәйнек пайдалануға қайта дайын болады.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге (EMF) қатысты барлық
талаптарға сәйкес келеді.
Суды алдын ала орнатылған түймелермен ысыту
Әртүрлі ыстық сусындарға дәмін келтіру үшін әртүрлі температура
қажет. Табанындағы алдын ала орнату түймелері арқылы сүйікті ыстық
сусыныңыз үшін дұрыс температураны таңдай аласыз.
Таңдалған ыстық сусынның дұрыс температураға жетуін қамтамасыз ету
үшін, шәйнекті әрқашан кем дегенде 0,25 л сумен толтырыңыз. Шынайы
температураның көрсетілген температурадан аздап өзгеше болуы мүмкін.
-
Әртүрлі ыстық сусындар үшін 4 түйме бар:
1
Қара/жеміс/шөп шайы түймесі (100ºC)
2
Тез дайындалатын сорпа/ыстық шоколад түймесі (95ºC)
3
Тез еритін кофе түймесі (90°C)
4
Көк шай түймесі (80ºC)
-
Шайнек суды алдын ала орнатылған температураға дейін
қайнатқанда, таңдалған түйменің айналасындағы жарық шеңбері су
алдын ала орнатылған температураға жеткенше жанып-өшіп тұрады.
-
Су алдын ала орнатылған температураға жеткен кезде сигналды
естисіз. Таңдалған түйме айналасындағы жарық шеңбері
жыпылықтауын тоқтатып, тұрақты жанып тұрады. 2 минуттан кейін
сигнал қайтадан естіледі.
Ескертпе: Шәйнек қосулы кезде басқа түймені басу арқылы басқа ыстық
сусын түрін таңдай аласыз. Бұл судың температурасы жаңадан басылған
түйменің температурасынан әлі төмен кезде ғана орындалады.
Ескертпе: құрылғының жұмысын таңдалған түймені қайтадан басу немесе
шайнекті түптен алу арқылы тоқтатуға болады.
Суды алдын ала орнатылған температурада жылы сақтау
Суды 30 минут бойы алдын ала орнатылған температурада жылы сақтау
үшін жылылықты сақтау функциясын пайдалануға болады.
Ыстықты сақтау функциясын іске қосу үшін, қажетті алдын ала орнату
түймесін басқан соң, KEEP WARM (ЫСТЫҚТЫ САҚТАУ) түймесін
басыңыз. KEEP WARM (ЫСТЫҚТЫ САҚТАУ) түймесінің айналасындағы
жарық шеңбері тұрақты жанып тұрады. Су алдын ала орнатылған
температураға жеткен кезде KEEP WARM (ЫСТЫҚТЫ САҚТАУ)
түймесінің айналасындағы жарық шеңбері 30 секунд бойы баяу
жыпылықтап тұрады. Ыстықты сақтау функциясын тоқтатқыңыз келсе,
KEEP WARM (ЫСТЫҚТЫ САҚТАУ) түймесін басыңыз немесе шәйнекті
түптен алып тастаңыз.
Ескертпе: Ыстықты сақтау функциясы суды 30 минут бойы жылы ұстап
тұрады. Одан кейін сіз сигналды естисіз және шәйнек автоматты түрде
өшеді.
Ескертпе: Егер ыстықты сақтау функциясы істеп тұрғанда басқа
бір түймені бассаңыз, ыстықты сақтау функциясын да қайтадан іске
қосуыңыз қажет.
Тазалау
-
Тазалар алдында, табанды міндетті түрде розеткадан ажыратыңыз.
-
Шайнекті немесе оның табанын ешқашан суға батырмаңыз.
Шайнекті және оның табанын тазалау
Шәйнектің сырты мен түпті дымқыл жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
Ескерту: дымқыл шүберекті ток сымына, штепсельдік ұшқа және түптің
қосқышына тигізбеңіз.
Шайнекті қақтан тазалау
Аймағыңыздағы судың қаттылығына байланысты шәйнек ішінде белгілі бір
уақыттан соң қақ түзілуі мүмкін. Қақ шәйнек жұмысына әсер етуі мүмкін.
Осы пайдаланушы нұсқаулығында нұсқауларды орындау арқылы шәйнекті
мезгіл сайын қақтан тазалап тұрыңыз.
Келесі қақтан тазалау жиілігін ұсынамыз:
-
суы жұмсақ (ең жоғарғы деңгейі — 18 dH) аймақтарда — үш ай
сайын;
-
суы қатты (18 dH деңгейінен жоғары) аймақтарда — айына бір рет.
6-қадамда сірке суын (4 % сірке су қышқылы) пайдаланыңыз. Сірке суын
толығымен жою үшін шәйнекті шайып, екі рет қайнатыңыз (10-12-ші
қадамдар).
Қосалқы құралдарға тапсырыс беру
Қосалқы құралдарын немесе қосымша бөлшектерін сатып алу үшін
www.shop.philips.com/service торабына кіріңіз немесе Philips сатушысына
барыңыз. Сонымен қатар, еліңіздегі Philips тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз (байланыс мәліметтерін алу үшін дүниежүзілік
кепілдік парақшасын қараңыз).
Қоршаған орта
-
Құралды өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй
қоқысымен бірге тастауға болмайды. Оның орнына бұл құралды
арнайы жинап алатын жерге қайта өңдеу мақсатына өткізіңіз.
Осылайша, қоршаған ортаны қорғауға көмектесесіз (9-сур. 1-сурет).
Кепілдік және қолдау
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса,
www.philips.com/support сайтына кіріңіз немесе бөлек дүниежүзілік
кепілдік парақшасын оқыңыз.
2/2

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

Hd4683Hd4682Hd4681Hd4680Hd4681/80Hd4680/80 ... Show all