Download Print this page

Philips Avent SCF356 User Manual page 66

Hide thumbs Also See for Avent SCF356:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚАЗАҚША
66
5
Құрылғыны қосу үшін, «on/off» (қосу/өшіру) түймесін басыңыз.
Түймедегі жанған жарық бөтелке жылытқыштың қосылғанын
білдіреді (Cурет 7).
Ескертпе: Бөтелке жылытқыш түйме басылғаннан кейін дереу
жылытуды бастайды. Құрылғы сүтті жылытуға қажетті уақытты
және сүттің бастапқы температурасын (бөлме немесе тоңазытқыш
температурасы) анықтайтын сенсормен жабдықталған.
Бағдарламалық құралдың көмегімен бөтелке жылытқыш сүттің
бастапқы температурасына, мөлшеріне немесе қажетті ақырғы
температураға қарамастан, оны автоматты түрде 9 мен 10 минут
ішінде жылытады.
6
Орындалу барысының индикаторы сүтті жылыту барысын
көрсету үшін біртіндеп ақ түске толады. (Cурет 8)
Ескертпе: Орындалу барысының индикаторы сүтті жылыту барысын
көрсетеді. Құрылғы қосылған кезде орындалу барысының индикаторы
жыпылықтай бастайды. Жылытудың бірінші сатысы аяқталған
кезде төменгі сегмент үздіксіз жанып түрады, содан кейін
жылытудың екінші сатысының атқарылып жатқанын көрсету үшін
келесі сегмент жыпылықтай бастайды. Бұл қадамдар жылытудың
үшінші сатысы аяқталғанға дейін жалғасады. Енді орындалу
барысының индикаторы толықтай үздіксіз жанады.
Ескертпе: Жылыту барысында сүт біркелкі жылу үшін
айналдырылады.
Ескерту. Жылыту барысында бөтелкені бөтелке жылытқыштан
шығармаңыз.
7
Орындалу барысының индикаторы толықтай үздіксіз жанған
кезде сүт орнатылған ақтық температураға жетеді.
,
Сүт жылыған кезде дереу нәрестені тамақтандыру үшін
бөтелкені бөтелке жылытқыштан шығарып алуға болады
(«Нәрестені дереу тамақтандыру» бөлімін қараңыз) немесе
бөтелке жылытқышта жылы күйінде сақтауға болады
(«Сүтті жылы ұстау» бөлімін қараңыз).

Hide quick links:

Advertisement

loading