Download Print this page

Philips Avent SCF356 User Manual page 70

Hide thumbs Also See for Avent SCF356:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚАЗАҚША
70
Нәресте тағамын жылы күйінде сақтау
1
Нәресте тағамы қажетті ақтық температураға жеткен кезде
бөтелке жылытқыш автоматты түрде жылуды сақтау режиміне
ауысады. Осы режимде нәресте тағамы орнатылған
температурада 20 минутқа дейін сақталады.
2
20 минуттан кейін бөтелке жылытқыш автоматты түрде өшеді.
Нәресте тағамының енді қажетті ақтық температурада
сақталмайтынын көрсету үшін орындалу барысының
индикаторы өшеді.
Ескертпе: Нәрестені орнатылған температурадағы нәресте
тағамымен тамақтандыру үшін бөтелке жылытқыш өшкеннен кейін
нәресте тағамын бөтелке жылытқыштан шығарып, нәрестені
тамақтандырыңыз. Әйтпесе нәресте тағамының жылуы кете
бастайды.
Ескертпе: Бөтелке жылытқыштың жылуды сақтау режимінің
уақыты ұзартылмайды.
Мұзды еріту бағдарламасы
Бұл параметрмен мұздатылған сүтті немесе нәресте тағамын ерітуге
болады. «Сүтті жылыту үшін бөтелке жылытқышты пайдалану» немесе
«Нәресте тағамын жылыту үшін бөтелке жылытқышты пайдалану»
бөлімінде көрсетілген қадамдарды орындаңыз.
Орындалу барысының индикаторы мұзды еріту барысын көрсету үшін
біртіндеп ақ түске толады. Орындалу барысының индикаторы
толықтай үздіксіз жанған кезде сүттің немесе нәресте тағамының
мұзын еріту аяқталады.
Ескертпе: Сұйытылғаннан кейін сүтті қажетті температураға дейін
жылыту үшін сүтті жылыту параметрін таңдау қажет.
Ескерту. Мұздатылған сүт немесе нәресте тағамы сұйық күйіне
дейін ғана ерітіледі. Температура ешқашан 20 градустан аспайды.

Hide quick links:

Advertisement

loading