Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
-
Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Жалпы ақпарат
-
Құрылғы 100 - 240 вольтқа дейінгі тоқ қуатымен жұмыс жасай
береді.
-
Адаптер 100-240 вольтты 24 вольттан төмен қауіпсіз кернеуге
түрлендіреді.
-
Ең жоғары шу деңгейі: Lc= 75 дБ (A).
Зарядтау
Құрылғыны алғаш рет немесе ұзақ уақыттан кейін қолданар алдында
толық зарядтаңыз.
HC5450: құрылғыны толық зарядтау үшін шамамен 1 сағат кетеді.
Толық зарядталған кезде, құрылғы 90 минутқа дейін
сымсыз жұмыс істейді.
HC5447, HC5446, HC3426: құрылғыны толық зарядтау үшін шамамен
8 сағат кетеді.
Толық зарядталған кезде құрылғы 60 минутқа (HC3426) немесе
75 минутқа (HC5446, HC5447) дейін сымсыз жұмыс істейді.
Ескертпе. Құрылғыны бірінші рет толық зарядтап алғаннан кейін,
құрылғыны ток желісіне қосып та пайдалануға болады. Жай ғана
құрылғыны ток желісіне жалғаңыз.
Зарядтау көрсеткіштері (тек HC5450 үлгісінде)
Батарея төмен деген көрсеткіш
-
Батарея заряды таусылуға жақындағанда зарядтау шамы қызғылт
сары болып жыпылықтайды.
Зарядтау
-
Құрылғы зарядталып жатқанда, зарядтау шамы жасыл болып
жыпылықтайды.
ҚАЗАҚША
59