Bosch UniversalChain 35 Original Instructions Manual page 178

Hide thumbs Also See for UniversalChain 35:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 12
178 | Қазақ
– Шынжырлы араны май резервуары қақпағымен (20)
лайықты төсем үстінен жоғарыға қарай қаратып
қойыңыз.
– Май резервуары қақпағының (20) айналасын
шүберекпен тазалап алып, қақпағын бұрап отырып
шығарып алыңыз.
– Май резервуарына Bosch компаниясы арқылы ара
шынжырлары үшін шығарылған арнайы, биологиялық
тұрғыдан бөлшектеніп ажырай алатын майын, май
деңгейі май көлемін бақылау саңылауы арқылы (21)
көрілгенше дейін толтырыңыз.
– Жұмыс барысында май деңгейін май көлемін бақылау
саңылауы (21) арқылы тексере отырып аласыз, май
деңгейі ең төмеңгі деңгейге жеткенде жаңа майды
құйып толтырыңыз.
Қосу/Өшіру (C2 суретін қараңыз)
Кері соққыдан қорғау тежеуішін белсендіру үшін
u
тұтқасын/құрсаулау құрылғысын (5) ➋
позициясынан ➊ позициясына, алдыңғы тұтқа
бағытына қарай тартыңыз(4). Кері соққыдан
қорғау тежеуішін белсендіру үшін тұтқасын/
құрсаулау құрылғысын (5) баспағаныңызда, кері
соққыдан қорғау тежеуіші құралды қолдану
алдынан істен шығарылмай қалып, шынжырлы ара
іске қосылмай қалатын болады.
Кері соққыдан қорғау тежеуішін белсендіру үшін
u
тұтқасын/құрсаулау құрылғысын әр қолданудан
кейін әрқашан алға қарай итере отырып, істен
шығарылған позициясына қойыңыз.
– Шынжырдың қорғау бөлшегін (26) шығарып алыңыз.
– Шынжырлы араны C3 суретте көрсетілгендей ұстаңыз.
– Кері соққыдан қорғау тежеуішін белсендіру үшін
тұтқасын (5) артқа қарай, алдыңғы тұтқаға қарай
тартыңыз.
– Электр құралын іске қосу үшін алдымен іске қосуды
құрсаулау қосқышын (22) басып, одан кейін Қосу/
Өшіру (2) басып және оны әрі қарай баса тұрыңыз.
Электр бұйым іске қосылып жұмыс істеп тұрғанда іске
қосуды құрсаулау қосқышын босатуыңызға болады.
– Электр құралды өшіру үшін Қосу/Өшіру қосқышын (2)
жіберіңіз.
– Құралдың кері соққы тежеуіш - шынжырлы араның
кері соққысы пайда болғанында алдыңғы қол қорғау
құралы (5) арқылы қосылатын қорғау механизмі. Ара
шынжыры дереу тоқтатылады. Осының арқасында
кері соққы арқылы пайда бола алатын
жарақаттанулардың қаупі төмендетіледі. Кері соққыға
жол бермеуге тырысыңыз.
– Кері соққыдан қорғау тежеуішінің жұмысын тексере
алу үшін кері соққыдан қорғау тежеуішін белсендіру
үшін арналған тұтқасын (5) жұмыс барысында жүйелі
түрде басыңыз. Шынжырлы ара дереу тоқтамаған
жағдайда арамен өткізіліп жатқан жұмысты дереу
тоқтатыңыз.
F 016 L94 197 | (17.11.2021)
Назарыңызда болсын: Шынжырлы араны кері соққыға
қарсы тежеуішті (5) басу арқылы тежемеңіз.
Майлауды тексеру (C4 суретті қараңыз)
– Шынжырлы араны, оның шынжыр бағыттаушысы жер
үстінен 20 см жоғарырақ, қағаз үстінен жататындай
қылып еңкейтіңіз.
– Шынжырлы араны іске қосып, шамамен 1 минуттай,
қағазда май шашырау іздері көрінгенше дейін іске
қосып тұрыңыз. Осы әрекет арқылы автоматты майлау
жүйесі арқылы майдың тартылып тұрғанын немесе
тартылмай тұрғанын тексере аласыз.
Назарыңызда болсын: Шынжырлы араны ара
шынжыры үшін арналған арнайы майсыз қолдануы
немесе бар болған май көлемі керекті деңгейден төмен
болғаны шынжырлы араның бұзылуына апарады.
Назарыңызда болсын: Төмен температураларда май
тұтқыр болып кетіп, осының салдарынан май өнімділігінің
деңгейі төмендеп кетеді.
Назарыңызда болсын: Ара шынжырының қызмет өмірі
мен кесу өнімділігі оның майлану үйлесімділігіне
байланысты.
Құрал жұмысы
Пайдалану алдынан әрқашан алдымен пайдалану
u
бойынша нұсқаулығын және қауіпсздік бойынша
нұсқауларды оқып шығыңыз.
Пайдалану алдынан әрқашан алдымен құрал және
u
шынжырдың күйін, май көлемін және құрал
бөлшектерінің дұрыс құрастырылғанын тексеріп
алыңыз. Шынжырлы араны, оңың күйі мінсіз
түрде болғанда ғана пайдаланыңыз.
Әрқашан лайықты киім мен жеке қорғаныс
u
құралдарын киіп жүріңіз.
Әрқашан жұмыс айналасының құрғақ және ешбір
u
кедергісіз болуын және құрал айналасында
жұмысқа қатысы болмаған ешбір адамдар
болмағанына көз жеткізіп жүріңіз.
Шынжырлы араны ешқашан басқышта тұрып
u
немесе иық биіктігінен жоғары ұстап қолданбаңыз.
Ешқашан арамен бірден тым құлаштап сермеу
u
арқылы әрекет етпеңіз немесе қолдарыңызды
жан-жаққа созып жұмыс істемеңіз.
Шынжырлы араны әрқашан екі қолыңызбен бекем
u
ұстап жүріңіз.
Кесу барысында желілік кабелі бұтақтар мен
u
құралмен шатысып қалмай жүргізілуі үшін желілік
кабелін құрал артынан жүргізілуіне әрқашан көз
жеткізіп жүріңіз.
Әрекеттену бойынша жалпы ережелер (D
суретін қараңыз)
– Құралдың алғашқы рет пайдаланатындар ағаш
діңгектерін кесуді алдымен діңгектерді тұғырық
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Universalchain 403 600 hb8 1.03 600 hb8 1.1

Table of Contents