Philips HD9020/40 Manual page 64

Hide thumbs Also See for HD9020/40:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚазаҚша
64
нәтижеге жету үшін, бағдарлама аяқталғанда қамырды шығарып, рецептте көрсетілген
пішіндеу, сақтау және пісіру нұсқауларын орындау қажет.
Ескертпе: «Жылы күйде сақтау» режимі кезінде немесе ол аяқталған соң нанды шығарып
алмаса, оның қыртысы дымқылданып, қытырлақтығын жоғалтады. «Жылы күйде сақтау»
режимі нанды КҮЙДІРМЕЙДІ.
Таймерді пайдалану
Нанның кейінірек пісірілуі қажет болғанда таймерді пайдалануға болады. Ең көбі 13 сағатқа
орнатуға болады.
Мысалы, таңертеңгі сағат 08:00-де ыстық нанның дәмін тату үшін, таймерді кешкі сағат
19:00-де 13 сағатқа орнатыңыз.
Ескертпе: Бұзылатын қоспалар (жұмыртқа, жаңа сауылған сүт, қаймақ немесе ірімшік сияқты)
қосылуы қажет рецепттер үшін таймер қызметін пайдалануға болмайды.
Таймерді пайдалану үшін:
1
Қоспалардың барлығын нан табасына салыңыз.
2
Рецепт бойынша қажетті бағдарламаны, нан салмағын және қызарту түрін таңдаңыз.
Таңдалған параметрлер бойынша жалпы пісіру уақыты дисплейде көрсетіледі.
,
3
Нанның дайын болуына дейінгі уақытты (сағатпен) санап шығыңыз.
Мысалы, қазір сағат 19:00 болып, нан таңертеңгі сағат 08:00-де дайын болуы қажет болса,
уақыт аралығы 13 сағат болады.
4
Қажетті уақыт аралығы дисплейде көрсетілгенше таймер уақытын арттыру немесе
азайту түймесін басыңыз (Cурет 13).
Арттыру немесе азайту түймесін басқан сайын уақыт 10 минутқа артады немесе азаяды.
,
Егер түймені басып, ұстап тұрса, уақыт тез артады немесе азаяды.
Ескертпе: Егер дисплейдегі уақыт 13 сағатқа жетіп, уақытты арттыру түймесі әлі де
басылып тұрса, дисплей орнатылған бағдарламаның пісіру уақытына қайтады.
Ескертпе: Орнатылатын уақыттан асып кеткенде уақытты арттыру немесе азайту үшін,
қарсы түймені басу қажет.
5
Қосу/сөндіру/болдырмау түймесін басыңыз.
Таймер орнатылған уақытты минут бойынша кері санайды.
,
Құрылғы сигнал беріп, таймер уақыты «00:00» күйге келгенде нан дайын болады.
,
Пісіріп болғаннан кейін
Нан пісіргіштің іші, нан табасы, илеу қалағы және нан өте ыстық. Пісіріп болғанда немесе
«жылы күйде сақтау» режимінде болғанда нан табасын шығару үшін, қолғап кию абзал.
1
«Жылы күйде сақтау» режимін өшіру үшін, қосу/тоқтату/болдырмау түймесін 2 секунд
басып тұрыңыз. Дисплей «OFF» (Өшірілді) жазуын көрсетеді, ағымдағы бағдарламаны
тоқтатып, әдепкі параметрге қайтады.
2
Құрылғыны өшіру үшін, ашаны розеткадан ажыратаңыз.
3
Ыстық ыдысты ұстауға арналған шүберек немесе қолғапты пайдаланып, қақпақты
ашыңыз да, нан табасын сағат тіліне қарсы бұраңыз. Одан кейін нан табасын тұтқасынан
ұстап, құрылғыдан шығарыңыз.
4
Нанды оңай алу үшін, нан табасындағы нанды 5 минуттай тік ұстаңыз. Одан кейін
табаны төңкеріңіз. Нан тезірек суып, дымқылданбауы үшін, табаны тұтқасынан ұстап,
нанды сымнан жасалған суыту торына сілкіп түсіріңіз.

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Hd9020

Table of Contents