Whirlpool WIO 3O540 PELG Daily Reference Manual page 52

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ОПЦИЯЛАР МЕН ФУНКЦИЯЛАР
ОПЦИЯЛАРДЫ тиісті түймені басу арқылы тікелей таңдауға болады (БАСҚАРУ ПАНЕЛІН қараңыз).
Егер опция таңдалған бағдарламаға сәйкес келмесе БАҒДАРЛАМАЛАР КЕСТЕСН қараңыз, тиісті ЖДШ 3 рет
тез жыпылықтайды да, дыбыстық белгі естіледі. Опция қосылмайды.
МУЛЬТИЗОУН
Жуылатын ыдыстар көп болмаса, қолданылатын суды, электр
энергиясын және тазалау құралын үнемдеу үшін жартылай
жүктеуге болады.
Бағдарламаны таңдап, МУЛЬТИЗОУН түймесін басыңыз:
таңдалған сөренің белгісі дисплейде көрсетіледі. Әдепкі
бойынша құрылғы барлық сөрелердегі ыдыстарды жуады.
Тек қана белгілі сөрені жуу үшін, бұл түймені қайталап басыңыз:
дисплейде көрсетіледі (тек төменгі сөре)
дисплейде көрсетіледі (тек жоғарғы сөре)
дисплейде көрсетіледі (тек ас ішетін саймандар сөресі)
дисплейде көрсетіледі (опция ӨШІРІЛЕДІ және құрылғы барлық
сөрелердегі ыдыстарды жуады)..
Тек қана жоғарғы немесе төменгі сөрені жүктеуді және
сәйкесінше тазалау құралының мөлшерін азайтуды есте
сақтаңыз. Егер үстіңгі сөре алынып тасталған болса,
жуғыш құралды жуғыш құрал салатын суырмаға салмай,
тікелей жәшікке салыңыз.
КЕШІКТІРУ
Бағдарламаның басталу уақытын 1 және 12 сағат аралығындағы
мерзімге кешіктіруге болады.
1. КЕШІКТІРУ түймесін басыңыз: дисплейде сәйкес «h» белгі
көрінеді; түйме басылған сайын (1 сағ, 2 сағ, ең көбі 12
сағатқа дейін) таңдалған жуу айналымының басталу уақыты
арттырылады.
2. Жуу бағдарламаны таңдап, БАСТАУ/КІДІРІС түймешігін
басыңыз және есікті 4 секунд ішінде жабыңыз : таймер кері
есепті бастайды. \
3. Осы уақыт аяқталған кезде, «h» индикатор шамы сөнеді
және жуу айналымы басталады. Кешіктіру уақытын реттеу
және уақыттың қысқа мерзімін таңдау үшін, КЕШІКТІРУ
түймесін басыңыз. Одан бас тарту үшін, таңдалған кешіктіріп
бастау индикатор шамы «h» өшірілмейінше түймені
қайталап басыңыз.
Жуу бағдарламасы есік жабылған соң автоматты түрде
басталады.
КЕШІКТІРУ функциясын жуу айналымы басталған соң
орнату мүмкін емес.
ТУРБО
Бұл опция бірдей жуу өнімділігі деңгейлерін жүзеге асырған
кезде негізгі бағдарламалардың ұзақтығын азайту үшін
қолданылады.
Бағдарламаны таңдаған соң, ТУРБО түймесін басып, индикатор
шамын қосыңыз. Опцияны өшіру үшін сол түймені қайтадан
басыңыз.
ПАУЕР КЛИН
Қосымша қуатты бүріккілеріне байланысты бұл опция төменгі
сөредегі арнайы жерлерде аса қарқынды және қуатты жууды
қамтамасыз етеді. Бұл опция табалар мен кәстрөлдерді жуу
үшін ұсынылады. Пауер клин функциясын белсендіру үшін осы
түймешікті басыңыз (индикатор жанады).
4
ТАБЛЕТКА (Таб)
Бұл параметр қолданылған тазалау құралының түріне
байланысты бағдарламаның өнімділігін оңтайландыруға
мүмкіндік береді.
ТАБЛЕТКА пішіміндегі (1 мөлшердегі шаю құралы, тұз
және тазалау құралы) біріктірілген тазалау құралдарын
қолданатын болсаңыз, БАСТАУ/КІДІРІС түймесін 3 секундқа
(жанады сәйкес белгі жанады).
Ұнтақты немесе сұйық тазалау құралын қолданатын
болсаңыз, бұл опция өшіріледі.
ЖҰМЫС ИНДИКАТОРЫ
Еденге проекцияланатын жарық диодты шам ыдыс жуғыш
машинаның жұмыс істеп тұрғанын білдіреді. Келесі жұмыс
режимдерінің бірін таңдауға болады:
a) Ажыратылған функция.
b)Цикл басталған кезде шам бірнеше секунд жанады, цикл
кезінде өшіп тұрады және циклдың соңында жыпылықтайды.
c) Шам цикл кезінде жанып тұрады және циклдың соңында
жыпылықтайды (әдепкі режим).
Кешітірілген бастау орнатылған кезде, шам бірнеше секундқа немесе
кері есептің бүкіл ұзақтығы бойына орнатылған b) немесе c) пунктіне
негізделіп қосылып тұрады.
Есік ашылған сайын шам сөнеді. Қалаған режимді таңдау үшін
машинаны қосып, дисплейде үш әріптің бірі көрсетілмейінше
Р түймесін басып тұрыңыз, қалаған әріпке (немесе режимге)
жеткенше P түймесін басыңыз, таңдауды растау үшін Р
түймесін басып тұрыңыз.
Eскертпе: Егер NaturalDry белсенді болса және есікті
ашса, онда жұмыс индикаторы циклдың соңында
жыпылықтамайды.
NaturalDry
NaturalDry күнделікті арнайы кептіруді қамтамасыз ету үшін кептіру
барысында/кептіруден
кейін
конвективтік кептіру жүйесі болып табылады. Есік ас үй жиһазыңызға
қауіп келтірмейтіндей температурада ашылады, осылайша ТУРБО
опциясы қосулы тұрса, есік ашылмайды.
Қосымша, будан қорғаныс ретінде, арнайы қорғаныс пленкасы ыдыс-
аяқ жуғышымен бірге қосылады. Қорғаныс пленканы бекіту жолын білу
үшін (ОРНАТУ НҰСҚАУЛЫҒЫ) бөлімін қараңыз.
Төменде берілген жолымен NaturalDry функциясын ажыратуға болады:
1. Ыдыс- аяқ жуғыштың бағдарламалық жасақтаманың мәзіріне кіріп
P түймесін басып ұстап тұрыңыз (6 sec).
2. Қазір сіз Light Control Menu (Шам Басқару Мәзірінде) боласыз
(ЖҰМЫС ИНДИКАТОРЫ) сипаттамасында қараңыз), егер
ешнәрсені өзгертуге қажеті жоқ P түймесін басып ұстап тұрыңыз
(дисплейде екі әріптің бірі пайда болғанша).
3. Сіз NaturalDry Control Menu (NaturalDry Басқару Мәзіріне )
ауыстырылған боласыз, NaturalDry функционалдылық жағдайды P
түймесін басу арқылы өзгерте аласыз:
E – қолайлы
d – қолайсыз
Өзгерістерді растау үшін және Басқару Мәзірінен шығу үшін P түймесін
басып ұстап тұрыңыз (3 сек).
есікті
автоматты
түрде
ашатын

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents