Кейінгі Пайдалану - Philips SC2003/00 User Manual

Hide thumbs Also See for SC2003/00:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

4
Теріңіздің түріне ұсынылған ең төменгі күшпен бір жарықты
қолданыңыз (жарықты босату жолдары туралы нұсқауларды
осы тараудың «Кейінгі пайдалану» бөлімінің 6-9 қадамдарынан
қараңыз).
5
Қолайлы сезінгенде (ауырсынбағанда), теріңіздің түріне ұсынылған
ауқым ішінде мәнді бір деңгейге жоғарылатып, әр мәнге бір
жарық қолданыңыз. Бір нүктеде бірден көп жарық қолданбаңыз.
6
Теріні тексерген соң, 24 сағат күтіп, теріңізден қандайда
бір реакцияны тексеріңіз. Егер теріңізден реакциялар көрінсе,
кейінгі пайдалану үшін теріде реакция тудырмайтын ең жоғарғы
мәнді таңдаңыз.
Құралды бірінші рет пайдаланғанда, теріңіздің түкті алуға реакциясын
тексеру және жарық негізіндегі түкті алуға үйрену үшін түкті алу
аумағындағы теріні тексеруге кеңес береміз.
Кейінгі пайдалану
1
Әр түкті алудан бұрын, Philips Lumea Precision Plus құралының
саптамаларын, жарық шығару терезесін және саптамаларының
ішіндегі металл жақтауды тазалаңыз. Толық ақпаратты «Тазалау
және күтім жасау» тарауынан қараңыз.
2
Түкті алғыңыз келген аумаққа тиісті саптаманы таңдаңыз.
3
Құралды қосу үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз.
Ескертпе Пайдаланылған кезде құрал мен саптаманың жылығаны
қалыпты жағдай.
4
Теріңіздің сезімталдығына және түкті алу қаншалықты қолайлы
болатынына қарай жарық қарқынын өте ұқыпты таңдау арқылы әр
түкті алуды бастаңыз.
Теріңіз бірнеше себепке байланысты, әсіресе, қарайтудан кейін әр түрлі
күндері/жағдайларда әр түрлі жауап беруі мүмкін. Толық ақпаратты осы
тараудың «Ықтимал кері әсерлері және тері реакциялары» бөлімінен
қараңыз.
5
Жарық қарқынын көбейту үшін % түймесін басыңыз. Жарық
қарқынын азайту үшін ^ түймесін басыңыз.
, Түймені басқан сайын сәйкес жарық жыпылықтауды бастайды. Бұл
бірнеше секунд уақытты алады.
ҚазаҚша
43

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents