Құралды Бикини Тұсында Пайдалану; Құралды Қолтықтарға Пайдалану; Құралды Бетке (Үстіңгі Ерін, Иек, Жақтар) Пайдалану - Philips SC2003/00 User Manual

Hide thumbs Also See for SC2003/00:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

2
Құралды көлденеңінен пайдалансаңыз, бірінші сызықтан 3 см
қашықтықта немесе құралды тігінен пайдалансаңыз, 1 см
арақашықта қосымша сызықтар сызыңыз.
Түкті алуды бөлім бойынша орындаңыз. Егер сеанс кезінде үзіліс алу
керек болса, соңғы түк алынған аумақты бір көзге арналған қаламмен
белгілеп, түкті алуды кейінірек жалғастырыңыз.
Ескертпе Ақ жарық қаламын ғана пайдаланыңыз. Қара түстер
жарықты сіңіріп, терінің тітіркенуіне себеп болуы мүмкін.
Құралды бикини тұсында пайдалану
Бикини тұсына қолайлы параметрлерді көру үшін «Пайдалануға
дайындау» тарауының «Жарық қарқынының деңгейін орнату»
бөліміндегі ұсынылған жарық қарқынының кестесін қараңыз.
Негізінде, Philips Lumea Precision Plus бикини тұсындағы түкті
толығымен алуға қауіпсіз әрі жеткілікті деңгейде жұмсақ (мысалы,.
«Бразилиялық» немесе «Голливудтық» стиль үшін). Бикини тұсындағы
қара пигментті, сезімталдау теріге төменірек мәнді пайдаланыңыз.
Құралды ішкі жыныс қуысында, қынапта және артқы тесікте
пайдаланбаңыз. Ашық аумақтағы түкті алғысы келетін ер адамдар
құралды ұмада пайдаланбауы керек.
Ескертпе Гигиеналық себептер үшін басқа дене аумағындағы түкті
алуды бастамастан бұрын пайдаланылатын саптаманы әрдайым
тазалаңыз.
Құралды қолтықтарға пайдалану
Қолтықтарыңызға қолайлы параметрлерді көру үшін «Пайдалануға
дайындау» тарауының «Жарық қарқынының деңгейін орнату»
бөліміндегі ұсынылған жарық қарқынының кестесін қараңыз.
Түкті алудан бұрын қолтықтарыңыздан дезодорантты, косметиканы,
кремді немесе басқа күтім жасаушы өнімді кетіргеніңізге көз жеткізіңіз.
Кеңес Қолтықтарыңызда оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу
мақсатымен түкті алу аумағы және «дайын» шамы жақсы көрінетін
жерден айнаның алдында тұрыңыз. Қолыңызды көтеріңіз, сосын
алақаныңызды мойныңызға қойып, қолтығыңыздағы теріні созыңыз.
Осылайша қауіпсіздік сақинасын теріге оңай бассаңыз, түкті алу
оңайырақ жүреді.
Ескертпе Шағылысқан жарық көздеріңізге зиянын тигізбейді. Егер
шашыраңқы жарық жағымсыз болса, жарықты жіберген кезде
көздеріңізді жабыңыз.
Құралды бетке (үстіңгі ерін, иек, жақтар) пайдалану
Бетіңізге (үстіңгі ерін, иек, жақтар) қолайлы параметрлерді көру үшін
«Пайдалануға дайындау» тарауының «Жарық қарқынының деңгейін
орнату» бөліміндегі ұсынылған жарық қарқынының кестесін қараңыз.
Үстіңгі еріндегі, иектегі және жақтардағы түкті алу үшін әрдайым тек
дәлдік саптамасын пайдаланыңыз. Ешқашан құралды көздеріңіздің
айналасында немесе қастарыңыздың жанында пайдаланбаңыз. Үстіңгі
еріндегі, иектегі және жақтардағы түкті алғанда, түкті алудан кейін
24 сағат ішінде бетіңізді тікелей күн сәулесіне шығармаңыз. Бетіңізді
тікелей күн сәулесіне шығарсаңыз, түкті алудан кейін келесі екі апта
бойы күннен қорғайтын кремді (SPF 30+) қолданыңыз.
ҚазаҚша
47

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents