Philips HD7767 Manual page 78

Hide thumbs Also See for HD7767:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қазақша
78
Ескертпе: Құрылғы әрқашан соңғы параметрді сақтайды.
Кофе машинасын шаю
Бірінші рет қолданбас бұрын, кофе машинасын үнемі шаю керек.
1 Су ыдысының қақпағын ашыңыз. Су ыдысын таза суық сумен 8 шыны көрсеткішіне (сурет 2) дейін
толтырыңыз.
Ескертпе: Су ыдысына кофе дәндерін немесе алдын ала ұнтақталған кофені салмаңыз.
2 Су ыдысының қақпағын жабыңыз.
3 Құмыраны кофе машинасына (сурет 3) салыңыз.
4 Қосу/өшіру (сурет 5) түймесін басыңыз. Дисплей жанып, кофе машинасы дыбыстық сигнал береді.
5 Қоюлығын таңдау түймесін (сурет 4) басыңыз.
6 Алдын ала ұнтақталған кофе параметрін (сурет 6) таңдау үшін басқару тұтқасын бұраңыз. Алдын
ала ұнтақталған кофе белгішесі жыпылықтай бастайды.
7 Екі рет растау үшін, басқару тетігі ортасын басыңыз. Кофе машинасы шаю процесін бастады.
8 Шаю процесі аяқталғанша кофе машинасын жұмыс істетіңіз. Кофе машинасы дыбысы тоқтаған
кезде аяқталады.
9 Құмыраны босатыңыз.
10 Кофе машинасын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін басыңыз.
Машинаны пайдалану
Суға арналған сыйымдылыққа су толтыру
Ыдыстың су деңгейінің әйнегінде 2-10 шыны дайындау (275-1375 мл) көрсеткіші бар. Су ыдысына
құйылатын судың мөлшерін анықтау үшін осы көрсеткішті пайдалануға болады. Әрбір қосылған су
шынысы үшін әсері ақшылдан күңгірт түске дейін өзгереді.
1 Су ыдысы қақпағын ашып, су ыдысын талап етілген мөлшердегі суық су (сурет 2) мөлшерімен
толтырыңыз.
Ескертпе: Су ыдысына 10 шыны көрсеткішінен артық су толтырмаңыз.
Ескертпе: Су ыдысына құйылған су мөлшері қайнату керек шыны санына сәйкес екендігін
тексеріңіз. Кофе машинасында су ыдысындағы барлық су пайдаланылады.
Кофе дәндерін пайдалану
Ескерту: Кофе дәндерін салатын ыдысты кофе дәндерімен толтырған кезде, су ыдысының
қақпағы әрқашан жабық болсын. Әйтпесе, кофе дәндері су ыдысына түсіп кетіп, су ағатын
тесіктерді бітеуі мүмкін.
1 Кофе дәні контейнерінің қақпағын (сурет 8) ашыңыз.
2 Контейнерді кофе дәндерімен толтырыңыз. Демдеу (сурет 9) қажет кофе мөлшері үшін кофе
дәндері жеткілікті екенін тексеріңіз.
Ескертпе: Кофе дәні ыдысы кем дегенде жартылай толы болуы керек.
Ескерту: Ұнтақтағыштың бітеліп қалуын болдырмау үшін, қуырылмаған немесе
карамельденген дәндер пайдаланбаңыз. Эспрессо дәндері орнына кофе дәндерін
пайдаланыңыз, себебі эспрессо дәндері ұнтақтағышқа зақым келтіруі мүмкін.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Hd7761

Table of Contents