Philips Viva HR1611 Instructions Manual page 38

Hide thumbs Also See for Viva HR1611:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
-
Егер пышақтарға тамақ тұрып қалса, пышаққа тұрып қалған ингредиенттерді алып тастамас
бұрын, құралды тоқтан ажыратыңыз.
Ескерту
-
Қараусыз қалдырмас бұрын, жинау, бөлшектеу немесе тазалау алдында құрылғыны өшіріп,
розеткадан ажыратыңыз.
-
Басқа өндірушілердің бөлшектерін немесе қосымша қондырғыларын, сондай-ақ
Philips арнайы кеңес ретінде ұсынбаған бөлшектерді қолдануға болмайды. Егер сіз сондай
бөлшектерді немесе қосымша қондырғыларды қолданған болсаңыз, онда сіздің кепілдігіңіз
өз күшін жоғалтады.
-
Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған.
-
Кестеде көрсетілген мөлшер мен дайындау уақытынан асырмаңыз.
-
Бір шайқағанда бір порциядан артық шайқамаңыз. Шайқауды жалғастырмас бұрын құралды
5 минут суытып алыңыз.
-
Шу деңгейі: Lc= 85 дБ (A)
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы электрмагниттік өріске (ЭМӨ) байланысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Егер құрал қосымша берілген нұсқаулардағыдай ұқыпты қолданылса, онда бұл құрал
бүгінгі таңдағы белгілі ғылыми зерттеулер бойынша қолдануға қауіпсіз болып келеді.
Қатты қызып кетуден қорғайды
Бұл құрал қатты қызып кетуден сақтайтын қорғаныспен қамтамасыз етілген. Егер құрал қатты
қызып кетсе, ол автоматты түрде сөндіріледі. Құралды тоқтан суырып, оны 5 минуттай суытып
алыңыз. Содан соң, тоқ сымын қабырғадағы розеткаға кіргізіп, құралды қайта қосыңыз. Егер
қатты қызып кетуден сақтайтын қорғаныс тым жиі белсендірілетін болса, Philips дилеріңізбен
немесе Philips әкімшілік берген қызмет орталығымен байланысыңыз.
алғаш пайдаланар алдында
Құралды алғашқы рет қолданар алдында, тамаққа тиетін бөлшектерін жақсылап тазалаңыз
(«Тазалау» тарауын қараңыз).
Қолдануға дайындау
1
Ыстық ингредиенттерді турар алдында, шайқар алдында немесе ыдысқа құйяр алдында
міндетті түрде суытып алыңыз (максималды температура 80°C).
2
Өнімдердің ірі түйірлерін шамамен үлкендігі 2 см етіп тураңыз, сонан соң оларды
өңдеуге кірісіңіз.
3
Құралды электр жүйесінің розеткасына қосар алдында, оның дұрыс жиналғандығына көз
жеткізіңіз.
Құралды қолдану
Қол миксері
Қол миксерінің қызметі:
-
сүт өнімдері, соустар, жеміс-жидек шырындары, сорпа, сусындар, коктейльдер сияқты
сұйықтықтарды шайқау.
-
құймаққа арналған сұйық қамырды немесе майонезді дайындау үшін жұмсақ
ингредиенттерді араластыру.
-
мысалы, балалар тағамына арналған қайнатылған өнімдерден пюре дайындау.
1
Ингредиенттерді стаканға салыңыз.
Дұрыс мөлшер мен дайындау уақытын таңдау үшін төменде берілген кестені қараңыз.
ҚазаҚша
37

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Viva hr1613Viva hr1610Viva hr1613/00Viva hr1611/00

Table of Contents