Download Print this page

Epson DM-D110 User Manual page 45

Usb interface
Hide thumbs Also See for DM-D110:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қауіпсіздік сақтық шаралары
Бұл бөлімде осы өнімді қауіпсіз және тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге
арналған маңызды ақпарат берілген. Осы бөлімді мұқият оқып шығыңыз және
оны қол жеткізу оңай жерде сақтаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Егер түтін, әдеттен тыс иіс шықса немесе әдеттегіден тыс шу естілсе, жабдықты бірден
алыңыз. Әрі қарай пайдалану өртке әкелуі мүмкін. Дереу жабдықты розеткадан
суырыңыз және кеңес алу үшін дилерге немесе Seiko Epson сервистік орталығына
хабарласыңыз.
Осы өнімді жөндеуге ешқашан әрекеттенбеңіз. Дұрыс емес жөндеу жұмымсы қауіпті
болуы мүмкін.
Бұл өнімді ешқашан бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз. Бұл өнімді шұқу жарақатқа
немесе өртке әкелуі мүмкін.
Жабдық ішіне бөгде заттардың түсуіне жол бермеңіз. Бөгде заттардың түсуі өртке
әкелуі мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Кабельдерді осы нұсқаулықта аталғаннан өзге жолмен жалғамаңыз. Өзге жолдармен
жалғау жабдық зақымына немесе күюге әкелуі мүмкін.
Осы жабдықты қатты, тұрақты, көлденең бетке орнатыңыз. Құласа, өнім бұзылуы
немесе жарақат тигізуі мүмкін.
Жоғары ылғалдылық немесе тозаң деңгейлері бар орындарда пайдаланбаңыз. Артық
ылғалдылық және шаң жабдықтың зақымдалуына немесе өртке әкелуі мүмкін.
Осы өнімнің үстіне ауыр заттар қоймаңыз. Осы өнімге ешқашан тұрмаңыз немесе
сүйенбеңіз. Жабдық құлап немесе шашылып кетуі мүмкін және сынып, жарақаттауы
ықтимал.
Дисплей блогының көлденең бұру бұрышы тоқтатқышпен шектеледі. Дисплей блогын
тоқтатқыш арқылы орнатылған шектен тыс бұру үшін артық күш қолданбаңыз. Бұлай
істеу зақымға әкелуі мүмкін.
Тұтынушы дисплейін ұстағанда құлатып алмаңыз немесе соқпаңыз, өйткені онда
кірістірілген флюоресценттік дисплей түтігі бар.
Осы өнімнің ішіне немесе айналасына құрамында жанғыш газ бар аэрозоль
бүріккіштерін пайдаланбаңыз. Бұл әрекет өртке әкелуі мүмкін.
Егер су немесе басқа сұйықтық осы жабдық ішіне төгіліп кетсе, USB кабелін
ажыратыңыз және кеңес алу үшін дилерге немесе Seiko Epson сервистік орталығына
хабарласыңыз.
Шолу
Бұл USB интерфейсі бар шағын тұтынушылық дисплейі тек TM-T88V-DT/
TM-T88VI-DT2 үшін арналған.
Орамнан шығару
Спецификациясы стандартты тұтынушылық дисплейде келесі заттар
қамтылған. Кез келген зат зақымдалған болса, дилерге хабарласыңыз.
DM-D110 тұтынушылық дисплейі
Түзу баған (тек түзу бағанды үлгіде болады)
Пайдаланушы нұсқаулығы (осы нұсқаулық)
Бөлшек атаулары
A суретін қараңыз.
TM-T88V-DT/TM-T88VI-DT2 үшін DM-D110 USB интерфейсі 45
Негіз
Бұрандалар × 3

Advertisement

loading