Bosch Professional GCT 30-42 Original Instructions Manual page 116

Hide thumbs Also See for Professional GCT 30-42:
Table of Contents

Advertisement

116 | Қазақ
бойынша нұсқаулығындағы Қолданысқа енгізу және Байланыс орнату
тарауларын оқып шығыңыз.
Түймелі элементті алмастыру кезінде келесі нұсқау қолданылады:
– Егер GCT 30-42 таратқыш модулі түймелі элементті алмастырмас
бұрын GCA 30-42 қабылдағыш модулімен байланыстырылған болса,
түймелі элемент алмастырылғаннан кейін, байланыс автоматты түрде
қайта орнатылады.
– Түймелі элементті алмастырғаннан кейін ешқандай байланыс
болмаса, байланыс орнату қажет болады.
Бастапқы күйге қайтарғаннан кейін таратқыш пен қабылдағыш
модульдерді қайта байланыстыру қажет.
Сорғышты автоматты түрде іске қосу
– Сорғыш шлангіні аккумуляторлық құралдың сорғыш құрылғысына
енгізіңіз.
Дірілді анықтау
GCT 30-42 таратқыш модулінде дірілді анықтау функциясы бар. Егер ол
іске қосылған аккумуляторлық құралдың дірілдеуін анықтаса, сорғыш
автоматты түрде қосылады.
Аккумуляторлық құралды өшірсеңіз, сорғыш белгілі бір инерция бойынша
жұмыс істеу уақытынан кейін автоматты түрде өшіп қалады.
Қолмен қосу/өшіру
– Таратқыш модульдегі (1) іске қосу/тоқтату түймесін (3) басыңыз.
Шаңсорғыш қосылады.
– Сорғышты өшіру үшін таратқыш модульдегі іске қосу/тоқтату түймесін
(3) қайтадан басыңыз.
Нұсқау: сорғышты таратқыш модульдегі іске қосу/тоқтату түймесі (3)
арқылы өшірсеңіз, таратқыш модуль (1) аккумуляторлық құралда
дірілдеуді анықтағаннан кейін, сорғыш автоматты түрде қайта іске
қосылады.
Әдепкі реттеулерге қайтару
– Іске қосу/тоқтату түймесін (3) басып, жарық диодты күй индикаторы
(2) дәйекті түрде төрт рет көк түспен қысқаша жыпылықтағанша ұстап
тұрыңыз.
1 609 92A 7U1 | (30.06.2023)
Bosch Power Tools

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents