Bosch Professional GCT 30-42 Original Instructions Manual page 119

Hide thumbs Also See for Professional GCT 30-42:
Table of Contents

Advertisement

Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен
істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда
кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады:
– механикалық зақымдардың жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің
жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің
және сатып алушы қолтаңбасының бар болуы;
– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы
сериялық нөмірдің сәйкестігі;
– біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.
Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:
– форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген сынықтар;
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы.
Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал
бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде
қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:
– табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы);
– қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет
көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан
жабдық пен оның бөліктері;
– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар.
(Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар
жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері
мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары
температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар
оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)
Кәдеге жарату
Таратқыш модульді, керек-жарақтар мен орауыштарды қоршаған орта
үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жарату орнына тапсыру қажет.
Электрондық бөлшектер мен батареяларды үй қоқысына
тастамаңыз!
Bosch Power Tools
119
Қазақ |
1 609 92A 7U1 | (30.06.2023)

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents