Philips 4000 Series Manual page 107

Hide thumbs Also See for 4000 Series:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
-
Бұл шаңсорғыш тек тұрмыстық қолданысқа арналған. Бұл шаңсорғышты құрылыс қалдығын,
цемент шаңын, күлді, ұсақ құмды, әкті және ұқсас заттарды соруға пайдаланбаңыз. Шаңсорғышты
сүзгілерсіз қолдануға болмайды. Моторға зақым келуі, сондай-ақ шаңсорғыштың қызмет мерзімін
қысқартуы мүмкін. Шаңсорғыштың барлық бөлшектерін әрдайым пайдаланушы нұсқаулығында
көрсетілгендей тазалаңыз. Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше көрсетілген болмаса, ешқандай
бөлшектерін сумен және/немесе тазалағыш құралдармен тазаламаңыз.
Абайлаңыз
-
Зарядталып жатқанда адаптер шамалы ысып кетеді. Бұл қалыпты жағдай.
-
Құралды розеткаға қосуды, ажыратуды немесе пайдалануды ылғалды қолдармен орындамаңыз.
-
Адаптерді сымынан (сурет 1) тартумен қабырға розеткасынан алмаңыз.
-
Қолданып болған соң және зарядтамас бұрын, құралды әрдайым өшіру керек.
-
Шаң контейнерлерін және шаң контейнері қақпақтарын ыдыс жуу машинасында тазаламаңыз.
Оларды ыдыс жуу машинасында жууға болмайды.
-
Жұмыс өнімділігін арттыру үшін сүзгінің (сурет 2) көбікті бөлігін кемінде аптасына бір рет қолмен
жуыңыз. Сүзгінің көбікті бөлігін ағын сумен шайып, су таза болып шыққанша сығыңыз. Сүзгінің
көбікті бөлігін қайта пайдалану алдында 12 сағат кептіріңіз.
-
Сүзгінің көбікті бөлігін сумен тазаласаңыз, шаң контейнеріне қайта салар алдында оның толығымен
құрғақ екендігіне көз жеткізіңіз. Сүзгінің көбікті бөлігін тікелей күн сәулесінде, радиаторда немесе
кептіргіш барабанда кептірмеңіз.
-
Сүзгіні қайтып дұрыстап тазалау мүмкін болмаса немесе зақымданса (көріңіз 'Керек-жарақтарға
тапсырыс беру'), оны ауыстырыңыз.
-
Сүзгінің (сурет 3) қағаз бөлігін сумен, қырғыштармен немесе абразивті тазалау құралдарымен
тазалауға болмайды.
-
Сүзгінің қағаз бөлігін қоқыс жәшігінің шетіне қағу арқылы кемінде аптасына бір рет тазалаңыз.
-
Шаңсорғышты үнемі жиналған сүзгімен қолданыңыз.
-
Құралдың қабырғаға тіркелген зарядтау станциясымен пайдаланушы нұсқаулығындағы
нұсқауларға сай орнатылғанын тексеріңіз.
-
Ток соғу қаупін болдырмау үшін зарядтау станциясын тіркеу мақсатында қабырғада тесік жасаған
кезде абай болыңыз.
-
Батареяны қайта зарядтау мақсатында тек түпнұсқалы Philips аксессуарларын немесе
тұтынылатын заттарын пайдаланыңыз. Тек алынбалы E013-1C174060HE қуат құралын
пайдаланыңыз.
-
Өнімді тек 5 °C және 40 °C аралығындағы температурада зарядтаңыз, қолданыңыз және сақтаңыз.
-
Өнім мен батареяларды өрттен сақтаңыз және тікелей күн сәулесі немесе жоғары температура
әсеріне ұшыратуға болмайды.
-
Өнім қатты қызып кетсе немесе иіс шықса, түсі өзгерсе немесе зарядтау бұрынғыдан да ұзақ уақыт
алса, өнімді пайдалану мен зарядтауды тоқтатып, Philips компаниясына хабарласыңыз.
-
Өнімдерді және батареяларын микротолқынды пештерге немесе индукциялық плитаға салуға
болмайды.
-
Батареяларды қызудан немесе улы не қауіпті заттардың шығуынан қорғау үшін өнімді немесе
батареяны ашуға, өзгертуге, тесуге, зақымдауға немесе бөлшектеуге болмайды. Батареяларды
қысқа тұйықтауға, артық зарядтауға немесе кері күйде зарядтауға болмайды.
-
Батареялар зақымдалса немесе кемісе, теріге немесе көзге тигізбеңіз. Осы орын алса, бірден
сумен жақсылап шайып, медициналық көмекке жүгініңіз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен
ережелерге сәйкес келеді.
Қазақша
109

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Xc4200/01

Table of Contents