Bosch CreationLine MUM59N26 Instruction Manual page 229

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 17
Асүйлік майдалағышты тек қана бұйым 
жетегі тоқтап тұрғанында және кабелі 
электр розеткасынан шығарылғанында 
енгізіңіз / шығарыңыз. 
Құйғыш ішіне қолыңызды салмаңыз.
Назар аударыңыз!
Асүйлік майдалағышты тек толығымен 
жинақталған күйінде қолданыңыз. Асүйлік 
майдалағышты ешқашан негізгі бұйымға 
құрастырмаңыз. Асүйлік майдалағышты 
тек құрастырылған жұмыс күйінде 
қолданыңыз.
Артық жүктемеден қорғау
F cуреті:
Асүйлік майдалағышқа артқы жүктеме 
түсіруден бұйымның ауыр зақымдануын 
болдырмау үшін, асүйлік майдалағыштың 
жетекші білігінде кертік 
(бағдарламаланған бұзылу орны) бар. 
Артық жүктеме түскен жағдайда жетекші 
білік осы жерден бұзылады. Жетекші 
білігі бар жаңа диск ұстағышы қызмет 
көрсету орталығында қолжетімді.
Айналмалы кескіш диск –
қалың / жіңішке
жеміс пен көкөністі турауға арналған.
5­қадамда өңдеу (3).
Айналмалы кескіш дискідегі белгі: 
қалың кескіш жағы үшін «1» 
жіңішке кескіш жағы үшін «3»
Назар аударыңыз!
Айналмалы кескіш диск қатты ірімшік, 
нан, бөлке нан мен шоколадты турауға 
арналмаған. Пісірілген, қатты пісірілген 
картопты тек суық күйінде тураңыз.
Айналмалы үккіш диск –
үлкен / шағын
көкөніс, жиеміс пен ірімшікті үгуге 
арналған, қатты ірімшіктен басқа 
(мысалы, пармезан).
3­қадамда (2) немесе 4­қадамда (3) 
өңдеу.
Айналмалы үккіш дискідегі белгі: 
үлкен үккіш жағы үшін «2» 
шағын үккіш жағы үшін «4»
Назар аударыңыз!
Айналмалы үккіш диск жаңғақтарды үгуге 
арналмаған. Жұмсақ ірімшікті үлкен 
жағымен 7­қадамда (4) үгіңіз.
Үйкелме диск – орташа
шикі картоп, қатты ірімшік 
(мысалы, пармезан), суытылған шоколад 
пен жаңғақтарды үгуге арналған.
7­қадамда өңдеу (4).
Назар аударыңыз!
Үйкелме диск жұмсақ және тілім ірімшікті 
үгуге арналмаған.
Асүйлік майдалағышпен жұмыс істеу
G суреті:
  ■ Босату түймесін басып, 
айналмалы тұтқаны 2 күйіне 
жылжытыңыз.
  ■ Ыдысты орнату: 
Алға қарай еңкейтілген ыдысты енгізіп 
тіреңіз, содан кейін сағат бағытына 
қарсы тірелгенше бұраңыз.
  ■ Босату түймесін басып, 
айналмалы тұтқаны 3 күйіне 
жылжытыңыз.
  ■ Жетектің қорғаныс қақпағын асүйлік 
майдалағыштың жетегінен алып 
тастаңыз (G-5a суреті).
  ■ Диск ұстағышын астыңғы шетінен 
ұстаңыз, ол үшін екі ұшты жоғары 
қарату керек.
  ■ Қалаулы кескіш не үккіш дискіні диск 
ұстағышының ұштарына мұқият 
орнатыңыз (G-6a суреті). 
Айналмалы дискілерде қалаулы жағы 
жоғары қаратылғанына көз жеткізіңіз.
  ■ Диск ұстағышын жоғарғы шетінен ұстап, 
корпусты орнатыңыз (G-6b суреті).
  ■ Қақпақты орнатып (белгіні 
қадағалаңыз), сағат бағытымен 
тірелгенше бұраңыз.
  ■ Асүйлік майдалағышты G-8 суретінде 
көрсетілгендей жетекке орнатып, сағат 
бағытымен тірелгенше бұраңыз.
  ■ Айналмалы ажыратқышты ұсынылған 
қадамға қойыңыз.
  ■ Өңделетін азық­түлік өнімін құйғышқа 
салып, жапқышпен жылжытыңыз.
Қолдану
kk
229

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents