Bosch CreationLine MUM59N26 Instruction Manual page 231

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 17
Тазалау және күту
Назар аударыңыз!
Ешбір қыра алатын тазалау бұйымдарын 
қолданбаңыз. Үстілердің бұзылып кетуіне 
апаруы мүмкін.
Негізгі бұйымды тазалау
W Ток соғу қаупі бар!
Негізгі бұйымды ешқашан су ішіне 
батырмаңыз және ағынды су астында 
ұстамаңыз. Ешқандай бу тазалағышын 
пайдаланбаңыз.
  ■ Ашаны розеткадан шығарыңыз.
  ■ Негізгі бұйым мен жетектің қорғаныс 
қақпағын ылғалды шүберекпен сүртіңіз. 
Қажет болса, біраз ыдыс жуғыш құрал 
қолданыңыз.
  ■ Содан кейін бұйымды құрғақтай 
сүртіңіз.
Ыдыс пен құралды тазалау
Ыдыс және құрал ыдыс­аяқ жуатын 
машинада жуу үшін жарамды. Пластик 
бөлшектерді ыдыс­аяқ жуатын машинада 
қыспаңыз, себебі шаю барысында 
қалдықтар пайда болуы мүмкін!
Асүйлік майдалағышты тазалау
Асүйлік майдалағыштың барлық 
бөлшектері ыдыс­аяқ жуатын машинада 
жуу үшін жарамды.
Кеңес: Мысалы, сәбіз өңдеуден кейін 
қалатын қызыл тұнбаны кетіру үшін, 
шүберекке біраз өсімдік майын жағып, 
асүйлік майдалағышты (майдалағыш 
дискілерді емес) сүртіңіз. Содан кейін 
асүйлік майдалағышты шайыңыз.
Араластырғышты тазалау
W Өткір пышақтан жарақаттану
қаупі бар!
Араластырғыш пышаққа жалаң қолмен 
тимеңіз.
Араластырғыш ыдысын, қақпақты және 
құйғышты ыдыс­аяқ жуу машинасында 
жууға болады.
Кеңес: Сұйықтықтарды өңдегеннен кейін 
әдетте араластырғышты тазалау үшін 
оны бұйымнан алып тастау қажет емес. 
Тазалау және күту
Ол үшін біраз суды жуғыш құралмен бірге 
орнатылған араластырғышқа құйыңыз. 
Араластырғышты бірнеше секундқа 
қосыңыз (M қадамы). Шаюға қолданылған 
суды төгіп, араластырғышты таза сумен 
шайыңыз.
Маңызды нұсқау
Көмекші құрал дорбасын қажетінше 
тазалаңыз. Дорбадағы күту бойынша 
нұсқауларды орындаңыз.
Сақтау
W Жарақаттану қаупі бар!
Бұйымды қолданбаған кезде ашаны 
розеткадан шығарыңыз.
K суреті:
  ■ Құралдар мен майдалағыш дискілерді 
көмекші құрал дорбасына салыңыз.
  ■ Көмекші құрал дорбасын ыдыс ішінде 
сақтаңыз.
  ■ Түпнұсқа орауышта сақтау үшін 
L суретін қараңыз.
Ақаулықтар орын алған
жағдайдағы көмек
W Жарақаттану қаупі бар!
Ақаулықты жою алдында ашаны 
розеткадан шығарыңыз.
MUM54.. / MUM55.. / MUM56.. / MUM58..
үшін маңызды нұсқау
Бұйымның жұмысындағы қате, 
электрондық сақтандырғыштардың 
ажыратылуы немесе бұйым бүлінуі 
жұмыс индикаторының жыпылықтауы 
арқылы көрсетіледі.
Айналмалы тұтқа әрбір жұмыс күйінде
енгізілуі керек.
Біріншіден пайда болған мәселені 
төмендегі нұсқауларды қолданып шешуге 
тырысыңыз.
kk
231

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents