Bosch UniversalTemp Original Instructions Manual page 237

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 18
Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлаудан қорғаңыз. Қатты сыртқы
u
әсерлерден кейін және функциялық қабілетінде ақаулар орын алса, өлшеу
құралын өкілетті Bosch сервистік қызмет көрсету орталығында тексертіңіз.
Қабылдағыш линзаны (2) және лазер сәулесінің шығыс саңылауын (1)
u
жаппаңыз.
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосу үшін төмендегі мүмкіндіктер бар:
– Өлшеу құралын қосу-өшіру түймесі (9) арқылы қосыңыз. Қысқа іске қосу
реттілігінен кейін өлшеу құралы соңғы өшіру кезінде сақталған өлшем бірлігімен
жұмысқа дайын болады. Өлшеу әлі басталмайды, лазер өшіп тұрады.
– Өлшеу құралын өлшеу түймесі (3) арқылы қосыңыз. Өлшеу түймесін (3)
қысқаша бассаңыз, өлшеу құралы қысқа іске қосу реттілігінен кейін өлшеуге
дайын болады. Өлшеу түймесін (3) 3 секундтан ұзақ бассаңыз, іске қосу
реттілігінен кейін лазер қосылып, өлшеу құралы соңғы өшіру кезінде сақталған
өлшем бірлігімен өлшеу әрекетін дереу бастайды.
Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын
u
пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру
мүмкін.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті
u
алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (9) басыңыз.
Егер шамамен 1 минут ішінде өлшеу құралында ешбір түйме басылмаса, өлшеу
құралы батареялардың зарядын сақтау үшін автоматты түрде өшіп қалады.
Өлшеуге дайындық
Өлшем бірлігін реттеу
Цельсий бойынша градус алдын ала реттелген өлшем бірлігі болып табылады.
Цельсий бойынша градус және Фаренгейт бойынша градус арасында ауысу үшін
Mode (8) түймесін 3 секундтан ұзақ басыңыз.
Өлшеу құралы қосылып тұрғанда және өлшем бірлігі ауыстырылған жағдайда, соңғы
өлшеу мәндері жойылады. Өлшем бірлігі сақталып, өлшеу құралын қайта қосқанда
көрсетіледі.
Эмиссия дәрежесін реттеу
Беткі температураны анықтау үшін мақсатты нысанды тарататын табиғи
инфрақызыл жылу сәулеленуі жанасусыз өлшенеді. Оңтайлы өлшеу нәтижесі үшін
Bosch Power Tools
Қазақ | 237
1 609 92A 7MA | (10.06.2022)

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

3 603 f83 100

Table of Contents