Bosch UniversalTemp Original Instructions Manual page 241

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 18
Терминология түсініктемелері
Эмиссия дәрежесі
Нысанның эмиссия дәрежесі үстіңгі беттің материалы мен құрылымына байланысты
болады. Ол нысанның, оңтайлы жылылық сәулелендіргішпен (қара түсті корпус,
эмиссия дәрежесі ε = 1) салыстырғанда, қаншалықты көп инфрақызыл жылылық
сәулеленуін шығаратынын көрсетеді және сәйкесінше 0 және 1 арасындағы мәнді
құрайды.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын әр пайдаланудан бұрын тексеріңіз. Өлшеу құралының ішінде
u
зақымдар немесе бос бөлшектер көрінетін болса, оның жұмысы сенімді
болмайды.
Өлшеу құралын тек түпнұсқа орауыш сияқты арнайы қорап ішінде сақтаңыз және
тасымалдаңыз. Өлшеу құралындағы сенсордың жанында ешбір жапсырманы
жабыстырмаңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін өлшеу құралын таза және құрғақ ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Ластануларды құрғақ, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе
еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Тазалау кезінде өлшеу құралына ешбір сұйықтық тимеуі тиіс.
Қабылдау линзасын (2) және лазер сәулесін шығару саңылауын (1) өте мұқият
тазалаңыз:
Қабылдау линзасында немесе лазер сәулесін шығару саңылауында ешқандай түктер
болмағанына көз жеткізіңіз. Қабылдау линзасынан кірді өткір заттармен кетіруге
әрекеттенбеңіз және қабылдау линзасының үстін сүртпеңіз (сызат түсіру қаупі бар).
Қажет болса, кірді майсыз сығылған ауамен абайлап үрлеп шығаруға болады.
Жөндеу үшін өлшеу құралын түпнұсқа орауышында жіберіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі
мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары
туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Bosch Power Tools
Қазақ | 241
1 609 92A 7MA | (10.06.2022)

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

3 603 f83 100

Table of Contents