Bosch UniversalTemp Original Instructions Manual page 240

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 18
240 | Қазақ
Өлшеу функциялары
Бөлек өлшеу
Өлшеу түймесін (3) бір рет қысқаша басу арқылы лазер қосылып, бөлек өлшеу іске
қосылады.
Өлшеу процесі жарты секундқа созылуы мүмкін және SCAN (i) индикаторының
жану арқылы көрсетіледі. Өлшеу аяқталғаннан кейін лазер автоматты түрде өшіп,
SCAN индикаторы сөнеді және дисплейде соңғы және соңғыдан бұрынғы өлшеудің
нәтижелері көрсетіледі.
Үздіксіз өлшеу
Үздіксіз өлшеу үшін өлшеу түймесін (3) басып тұрыңыз. Лазер қосулы күйде қалып,
дисплейде SCAN индикаторы пайда болады. Лазерді баяу жылжыту арқылы
температурасын өлшеу қажет барлық үстіңгі беттерге реттілік бойынша бағыттаңыз.
Дисплейдегі индикатор әрдайым өзгереді. Өлшеу түймесін (3) жібергеннен кейін
өлшеу процесі тоқтатылып, SCAN индикаторы сөнеді және лазер өшіп қалады.
Дисплейде соңғы және соңғыдан бұрынғы өлшеудің нәтижелері көрсетіледі.
Ақаулар - Себептері және шешімдері
Өлшеу құралы бейімделмейді
Өлшеу құралы қатты температура өзгерістеріне ұшырап, бейімдеу үшін уақыт
жеткілікті болмады.
Қоршаған орта температурасы жұмыс температурасының диапазонынан тыс
Қоршаған орта температурасы өлшеу құралын пайдалану үшін тым жоғары немесе
тым төмен.
Беттік температура өлшеу диапазонынан тыс
Өлшеу жазықтығындағы өлшеу нысанының беттік температурасы тым жоғары
(>500 °C, (h) индикаторын қараңыз) немесе тым төмен (<−30 °C, (g) индикаторын
қараңыз) болғанда, индикатор жыпылықтайды. Осы нысанның температурасын
өлшеу мүмкін емес. Лазерді басқа нысанға бағыттап, жаңа өлшеуді бастаңыз.
Ішкі ақаулық
Өлшеу құралында ішкі ақаулық орын алса, дисплейде Err көрсетіліп, (j) белгісі
жыпылықтайды. Бағдарламалық жасақтаманы қалпына келтіру үшін батареяларды
шығарып, бірнеше секунд күтіңіз және батареяларды қайта салыңыз.
Егер ақаулық жойылмаса, өлшеу құралын Bosch қызмет көрсету орталығында
тексертіріңіз. Өлшеу құралын өз бетіңізбен ашпаңыз.
1 609 92A 7MA | (10.06.2022)
Bosch Power Tools

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

3 603 f83 100

Table of Contents