Bosch 13.5159.0060 Original Instructions Manual page 109

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 13
құралынан шығарып алыңыз. Өлшеу құралындағы
батареялар мен аккумуляторлар ұзақ уақыт сақтаған
жағдайда, оларды тот басуы және заряды өздігінен
таусылуы мүмкін.
Пайдалану
Іске қосу
Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн
u
сәулелерінен сақтаңыз.
Өлшеу құралына айрықша температура немесе
u
температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны мысалы
автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Үлкен
температуралық ауытқулары жағдайында алдымен өлшеу
құралының температурасын дұрыс пайдаланыңыз.
Айрықша температура немесе температура тербелулері
кезінде өлшеу құралының дәлдігі төменделуі мүмкін.
Өлшеу құралының жанасу беттері мен орнату
u
жиектерін таза ұстаңыз. Өлшеу құралын соққы мен
қағылудан қорғаңыз. Кір бөлшектері немесе пішін
өзгерістері өлшеу қателіктерін тудыруы мүмкін.
Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлаудан
u
қорғаңыз. Өлшеу құралына қатты сыртқы әсерлер
тигеннен кейін, жұмысты жалғастырудан бұрын әрдайым
дәлдік тексерісін орындау керек (қараңыз „Өлшеу
құралының дәлдігін тексеру және калибрлеу", Бет 110).
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосу немесе өшіру үшін қосу/өшіру
түймесін (9) басыңыз.
Егер 30 мин ішінде өлшеу құралында ешбір түйме
басылмаса немесе өлшеу құралының еңісі 1,5° шамасынан
артық өзгермесе, еңісті өлшеу және дисплей батареялардың
қуатын үнемдеу үшін автоматты түрде өшеді.
Өлшем бірлігін ауыстыру (A суретін қараңыз)
Әрдайым "°", "%" және "мм/м" өлшем бірліктерінің арасында
ауысуға болады. Ол үшін өлшем бірліктерін ауыстыру
түймесін (8) қажетті өлшем бірлігі (c) немесе (b)
индикаторында пайда болғанша басыңыз. Ағымдағы өлшеу
мәні (e) автоматты түрде есептеледі.
Өлшем бірлігінің реттеуі өлшеу құралын өшіріп қосқанда
сақталады.
Дыбыстық сигналды қосу/өшіру
Дыбыстық сигнал түймесі (7) дыбыстық сигналды қосып
өшіруге мүмкіндік береді. Дыбыстық сигнал қосылып
тұрғанда, дисплейде дыбыстық сигнал индикаторы (g) пайда
болады.
Өлшеу құралы қосылғанда, әдетте дыбыстық сигнал
қосылады.
Өлшеу мәнінің индикаторы және туралау көмекші
құралдары
Өлшеу мәні (e) өлшеу құралын әр қозғалтқан сайын
жаңартылады. Өлшеу құралының елеулі қозғалыстарынан
кейін өлшеу мәнін ол бұдан былай өзгермегенше оқымай
тұрыңыз.
Өлшеу құралының күйіне байланысты өлшеу мәні мен өлшем
бірлігі дисплейде 180°-қа бұрылған күйде көрсетіледі.
Осылайша индикаторды бас үстінен жұмыс істеген кезде де
оқуға болады.
Өлшеу құралы туралау көмекші құралдары (a) арқылы оны
мақсатты мәнге қол жеткізу үшін қандай бағытпен еңкейту
керектігін көрсетеді. Мақсатты мән көлденең немесе тік
сызықты стандартты өлшеу әрекеттерінде Hold/Copy
функциясында сақталған өлшеу мәні болып табылады.
Мақсатты мәнге қол жеткізген жағдайда, туралау көмекші
құралының көрсеткісі (a) сөнеді және дыбыстық сигнал
қосылып тұрғанда, үздіксіз сигнал беріледі.
Өлшеу функциялары
Өлшеу мәнін бекіту/көшіру
Hold/Copy (11) түймесінің көмегімен 2 функцияны
басқаруға болады:
– Өлшеу мәнін бекіту (Hold), өлшеу құралы кейін
жылжытылса да (мысалы, өлшеу құралы дисплей жақсы
көрінбейтін күйде тұрған кезде);
– Өлшеу мәнін көшіру (Copy).
Hold функциясы:
– Hold/Copy (11) түймесін қысқаша басыңыз. Ағымдағы
өлшеу мәні (e) дисплейде бекітіліп сақталады, H
индикаторы жыпылықтайды.
Bosch Power Tools
Қазақ | 109
1 609 92A 7M2 | (28.04.2022)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Professional gim 120Professional gim 6013.5159.1200

Table of Contents