LG VH92 DSW Series Owner's Manual page 8

Hide thumbs Also See for VH92 DSW Series:
Table of Contents

Advertisement

МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
ЕСКЕРТУ
• Оны тек көрпелерді, матрастарды, жастықтарды немесе
мата дивандар сияқты төсек-орын жабдықтарына ғана
пайдаланыңыз. Осы құрылғыны шаңды, цемент немесе кез
келген құрастыру қоқысын сору үшін пайдаланбаңыз.
Былғарымен қапталған жерлер үшін пайдаланбаңыз.
Бұл өрттің шығуына және жөнделмес өнім зақымына алып
келуі мүмкін.
• Бұл құрылғы тек үйдегі қалыпты тұрмыстық қолданыс
үшін жасалған. Ол кез келген кеңселік немесе
коммерциялық қолданыс үшін пайдаланылмауы тиіс.
• Жөндеу жөніндегі техниктен басқа адам өнімді демонтаж
жасауына немесе өзгертуіне болмайды.
Ол өрттің шығуына немесе электрлік токтың соғуына алып
келуі мүмкін.
• Бензин, еріткіш сияқты жанғыш материалдарды немесе
жуғыш құралдар не жуынатын заттар сияқты беттік-активті
заттектерді немесе тазартқыш және оның стерилизатор
блогының жанындағы сусынды шашыратпаңыз.
Ол өрттің шығуына алып келеді.
• Қуат сымының ауыр нысандар арқылы мыжылуына,
майысуына немесе кесілуіне жол бермеңіз.
Зақымдалған сым немесе штепсельді пайдалану өрттің
шығуына немесе электр тогының соғуына алып келуі мүмкін.
Зақымдалған қуат сымы өте қауіпті, сондықтан оны уәкілетті
қызмет көрсету орталығы ауыстыруы қажет.
• Су сияқты сұйықтықтың өнімге кіріп кетуіне жол бермеңіз
және құрылғыны сұйықтықты тарту, өткір нысандарды
немесе шоқтарды жинау үшін пайдаланбаңыз.
Ол өрттің шығуына немесе электр тогының соғуына алып келуі
мүмкін. Егер су байқаусызда құрылғыға кіріп кетсе, негізгі
корпустың қуат қосқышын дереу өшіріп, қуат штепселін суырып
алыңыз және қауіптің алдын алу мақсатында LG Electronics
компаниясының қызмет көрсету агентіне хабарласыңыз.
• Қуат іске қосылғанда, ELCB (электрлік ағудың
ажыратқышы), GFCI (қысқа тұйықталудан қорғау
құрылғысы) іске қосылса, оны пайдалануды дереу
тоқтатып, уәкілетті қызмет жеткізушісіне хабарласыңыз.
Осы талапты орындамау электр тогының соғуына алып келуі
мүмкін.
• Құрылғының немесе оның стерилизатор блогының ішіне не
айналасына істіктерді немесе өткір құралдарды салмаңыз.
Электр тогының соғу қаупі бар.
• Егер газдың иісі шықса, құрылғыны пайдаланбаңыз.
Ықтимал қауіптерді болдырмау үшін, құрылғыны қуат
көзінен өшіріп, желдетіп тұрыңыз.
Өрттің орын алу және жарылыс қаупі бар.
• Құрылғы қосылған қабырға розеткасының ток күші 10
А-ден жоғары екендігіне және ток күші шамадан тыс
болмауына көз жеткізіңіз.
Қабырға розеткасының ток күші шамадан тыс болса, өрттің
шығуына және өнім ақаулығының пайда болуына алып келеді.
• Егер қуат сымының немесе розетканың кез келген жері
босап кетсе немесе зақымдалған болса, құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ол өрттің шығуына немесе электр тогының соғуына алып келуі
мүмкін.
• Сору саңылауы немесе шығыс саңылауы бітеліп қалса,
құрылғыны қоспаңыз.
Бұл негізгі корпус пішінінің өзгеруіне немесе шамадан тыс
қызудан өрттің шығуына алып келуі мүмкін.
• Шаң контейнері алып тасталған уақытта, тазартқышты
қоспаңыз.
Өнімнің зақымдалу немесе электр тогының соғуынан
жарақаттану қаупі бар.
8
• Қуат сымын және өнімді жылыту құрылғыларының
жанына қоймаңыз.
Бұл негізгі корпус пішінінің өзгеруіне, ақаулықтың орын
алуына немесе өрттің шығуына алып келуі мүмкін.
• Электрлік розеткадан штепсельді суырып алған кезде,
саусақтарыңыздың істіктерге тиіп кетпеуіне көз жеткізіңіз.
Ол электр тогының соғуына алып келуі мүмкін.
• Балалардың немесе үй жануарының өніммен ойнауына
немесе оны ойыншық ретінде қолдануына жол бермеңіз.
Бұл жеке жарақаттануға және өнімнің зақымдалуына алып
келуі мүмкін.
• Штепсельді су қолмен ұстамаңыз.
Әйтпесе, электр тогының соғуы мүмкін.
• Кіріс саңылауды сумен тазаламаңыз және құрамдастарды
құрғатқаннан кейін дереу пайдаланыңыз.
Ол электр тогының соғуына және ақаулықтың орын алуына
алып келуі мүмкін.
• Сыртқы бөлімін тазалаған кезде, қуат штепселін суырып
алғаныңызға көз жеткізіңіз және кермек немесе өткір
ерітінділермен жумаңыз.
Ол электр тогының соғуына және құрылғы сыртының
зақымдалуына алып келуі мүмкін.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, қолдарыңызды сору
бөліміне қоймаңыз. Кез келген жеке жарақаттануға жол
бермеу үшін, құрылғы жұмысын тоқтатып, қабырға
розеткасынан ажыратыңыз.
• Кіріс саңылауының сыртқы жағын немесе астыңғы бетін
сумен немесе жуғыш құралмен жумаңыз. Тек ылғал
тазалау шүберегін пайдаланыңыз.
Бұл өнімнің зақымдалуына немесе электр тогының соғуына
алып келуі мүмкін.
• Стерилдеу орындалып жатқанда, УК жарығына тікелей
қарауға әрекет жасамаңыз.
Бұл көзіңізге немесе теріңізге зиян келтіруі мүмкін және қызыл
дақтар сияқты тері ауруын тудыруы мүмкін. Егер осындай
жағдай орын алса, жергілікті дәрігерге қаралыңыз.
• Егер қуат сымы зақымдалған болса, қауіпті болдырмау
үшін оны өндіруші, қызмет көрсету агенті немесе сәйкес
біліктілігі бар адамдар алмастыруға тиіс.
• Өнімді өнеркәсіптік май түтінінің немесе металл
бөлшектерінің әсеріне ұшырайтын жерге қоймаңыз.
Ол өрттің шығуына немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
• Өнімді тұтанғыш газдар ағатын немесе ағуы мүмкін
жерлерде пайдаланбаңыз.
Ол өрттің шығуына немесе жарылысқа себеп болуы мүмкін.
• Батареяны бөлшектемеңіз.
Өрт шығу немесе электр тогының соғу қаупі бар.
• Өнімді ыстыққа немесе өртке жақындатпаңыз. Өнімді
тікелей күн сәулесіне қоймаңыз.
Өрттің орын алуы және жарылыс қаупі бар.
• Батареяға физикалық күш салмаңыз.
Өрттің орын алуы және жарылыс қаупі бар.
• Тек арнайы зарядтау құралын пайдаланыңыз. Тиісті түрде
зарядтаңыз.
Батарея зақымдалып, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
• Батареялардан қандай да бір сұйықтық ағатын болса,
оның теріңізге немесе көзіңізге тиіп кетпеуін қадағалаңыз.
Сұйықтыққа тиіп кетсеңіз, сұйықтық тиген жерді сумен
шайып, медициналық көмекке жүгініңіз.
Күйік шалу немесе көздің көрмей қалу қаупі бар.

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Vhb92 dsw seriesVh9201 dsw

Table of Contents