Philips HD9020 Manual page 52

Hide thumbs Also See for HD9020:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚазаҚша
52
оңай және пісіру кезінде пішімі жақсы сақталады. Барлық мақсатта пайдаланылатын немесе еленбеген ұнның құрамына ұнтақ жарма
қосса да болады.
Майлар
Майлар дымқылдықты сақтау арқылы нанды жұмсартады, оған дәм қосады және сақтау мерзімін ұзартады. Рецепттерде аспаздық майды,
маргаринды, сары майды немесе сұйық майды бір бірімен алмастыруға болады. Бұл майларда піскен нанның бір-бірінен қатты
айырмашылығы болмайды. Калориясы аз жұмсақ маргаринды қолданғанда абай болу қажет. Ондай маргаринде су көп болғандықтан
нанның көлемі мен тығыздығына әсер етуі мүмкін.
Тұз
Тұз ашытқыны басқарады және дәм қосады. Қамырға тұз салуды ұмытпаңыз. Қолданылатын тұз мөлшері аз бірақ ол өте қажет. Тұзсыз
нан артық көтеріледі немесе көтерілмей қояды.
Қант
Қант ашытқыға тамақ болады, сондай-ақ нанның тәтті болуын және қызартылуын қамтамасыз етеді. Рецептте басқадай қөрсетілмесе, ақ
түйіршіктелген қантты пайдалану керек. Бал, сары қант және меласса нанға ерекше дәм мен түс береді. Оларды бір-бірімен алмастыру
соңғы нәтижеге әсер етуі мүмкін.
Аспартам негізінде (сахарин негізінде емес) түйіршіктелген қант алмастырушыларын пайдалануға болады. Рецептте көрсетілген қант
мөлшеріне сай алмастырыңыз.
сұйықтықтар
Сұйықтықтар ұнмен араласып, қамырды созылғыш етеді. Сүт нанның жұмсақ болуын, ал су қыртыстың қыртылдақ болуын қамтамасыз
етеді. Қаймағы алынған сүт ұнтағы және іркіт ұнтағы қамырдың құнарлылығын арттырып, оны жұмсартады. Қаймағы алынған сүт ұнтағы
мен іркіт ұнтағынан сүт жасау қажет емес. Бұл ұнтақтарды пайдалану таймер қызметі арқылы жасалатын нан түрлерін арттырады. Жаңа
сауылған сүтті қажет ететін нан түрлері үшін таймер қызметін пайдалануға болмайды. Іркіт ұнтағы ұннан кейін қосылғанда жақсы
араласады.
Егер су мен сүт ұнтағының орнына сүт пайдаланылса, оның мөлшері су мөлшерімен бірдей болу керек. Сүтті қажет ететін рецепттерде
гомогенделген, 2%, 1% немесе қаймағы алынған сүт қолдануға болады. Қантсыздандырылған жеміс пен көкөніс шырындары рецепттерде
көрсетілген мөлшерде пайдалануы керек. Құрамына тұз, қант немесе қант алмастырғыштары қосылмағандығын тексеру үшін, шырын
қораптарындағы жазуларды оқыңыз.
Жұмыртқа
Жұмыртқа нанның түсін, көлемін және дәмін арттырады. Тоңазытқыштан жаңа алынған үлкен жұмыртқалар пайдалану абзал. Жаңа
алынған жұмыртқаларды қажет ететін нан түрлері үшін таймерді пайдалануға болмайды.
сыр
Сырды өлшегенде оны мөлшерлеу қасығына басып салуға болмайды. Майлылығы төмен сырлар нанның биіктігі мен пішініне әсер етуі
мүмкін.Сырды қажет ететін нан түрлері үшін таймерді пайдалануға болмайды.
ашытқы
Ашытқы – қамырды көтеру үшін көмірқышқыл диоксид газын шығару мақсатында ұн мен қант құрамындағы көмірсулармен қоректенетін
шағын, бір жасушалы ағза. Су мен қантқа арластырылған ашытқы илеу барысында оянады да, қамырды көтеретін көбіктер шығарады.
Пісіре бастаған кезде қамыр ашытқы ағзалар әрекетсізденгенше көтеріледі. Ауаға, ыстыққа немесе ылғалға қойғанда, ашытқының
белсенділігі артады. Ашытқыны жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін ғана пайдаланыңыз. Ашылғаннан кейін оны өз қабында
тоңазытқышта сақтап, тек 6-8 апта ішінде ғана пайдаланыңыз. Ашытқының үш түрі болады – белсенді құрғақ, жылдам және нан пісіруге
арналған ашытқы. Нан пісіруге арналған ашытқы – күшейтілген деңгейдегі аскорбин қышқылы (С дәрумені) бар ерекше белсенді ашытқы
штамы. Ол нан жасау саласына арнап шығарылған. Белсенді ашытқы мен жылдам ашытқыны нан пісіруге арналған ашытқымен
араластырғанда, рецептте көрсетілген мөлшерді шәй қасықтың ¼ етіп көбейтіңіз. Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, рецептте
көрсетілген ашытқы түрін пайдаланыңыз. Ыстық ашытқы ағзаларды өлтіреді. Дайындау барысында ерітілген май сияқты қоспаларды
пайдалану алдында суытқан жөн. Белсенділігін азайтатындықтан ашытқыны сұйық заттардан, майдан және тұздан аулақ ұстаңыз.
Ашытқының мөлшерін рецептте көрсетілген шамадан арттырмаңыз.
Дәм қабық және сарымсақ нанның көтерілуіне кедергі жасайды.Бұл қоспаларды қолданғанда ашытқыға тимеуі үшін нан табасының
бір жағынан қосыңыз.
ашытқының белсенділігін тексеру
Өлшеуіш шыны аяғында жарты шыны жылы суға 1 кіші қасық қантты ерітіңіз. Үстіне 2 кіші қасық ашытқы құйыңыз. Ақырын
араластырыңыз. Қосындыға 10 минут тимеңіз. Қосынды көпіршіктеніп, ашытқының иісі бұрқырап тұруы тиіс. Олай болмаса, басқа ашытқы
сатып алыңыз.
нан қосындысы
Нан қосындысын дүкендердің көбінен алуға болады. Нан қосындысы ұн, тұз, қант және ашытқы қажетті мөлшерде қамтиды, сондықтан
оны пайдалану ыңғайлы. Сонымен бірге, оның бірнеше түрі мен дәмі болады. Көп жағдайда, нан қосындысының пакетінде көрсетілгендей
нан табасына су немесе сүт немесе май және сары немесе сұйық май құйып, одан кейін нан қосындысын салу керек.
Қоспаларды өлшеу
Нанның жақсы пісуі қосылған заттардың мөлшеріне байланысты. Сондықтан қоспаларды дұрыс өлшеу маңызды. Дұрыс өлшенбеген 1-2
үлкен қасықтың өзі (асып кеткенде немесе жетпей қалғандп) нанға үлкен әсерін тигізеді. Қоспаларды нан табасының үстінде өлшеуге
болмайды. Артық алынған қоспа нан табасына түсіп кетуі мүмкін.
Кеңес: мысалы, 280 мл су қосу керек болса, өлшеу шыны аяғымен 1 шыны (250 мл), одан кейін мөлшерлеу қасығымен 2 үлкен қасық (30 мл)
су қосыңыз.
сақтау
Ұнды ауа өтпейтін ыдысқа салып, салқын және құрғақ жерде сақтау қажет. Ыстыққа шалынған немесе дымқыл болған ұн көтерілмейді. Ұн
иістерді жылдам сіңдіреді, сондықтан оны пияз бен сарымсақтан алыс жерде сақтау қажет. Нанды жақсы жабылатын пакетке немесе ауа
өткізбейтін басқа ыдысқа салып, бөлме температурасында 1-2 күн сақтауға болады. Франсуз нандары қытырлауық қыртыстарын
жоғалтпау үшін қағаз пакетте немесе ауасы ашық жерде сақталу керек. Оларды піскен күні жеп қойған жақсы.
аспаптар
Мөлшерлеу қасығы
-
Құрылғымен бірге жіберілген мөлшерлеу қасығын пайдаланып, ашытқы, қант, тұз, сүт ұнтағы және дәмдеуіштерді өлшеуге болады.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents